ЖОО студенттерінің бұқаралық спортқа қызығушылығы мен салауатты өмір салты арасындағы қатынасты анықтау
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Адамның ең басты байлығы – денсаулық. Кез келген мемлекеттің келешегі – оның халқының денсау-
лығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Адамның физиологиялық жағдайы
жақсы деңгейде болу үшін сонымен қатар өмір сүру ұзақтығын қалыптастыру мақсатында салауатты
өмір салтын ұстанып, дене жаттығуларымен айналысудың маңызы зор. «Бұқаралық спорт» ұғымын
алғаш рет 1919 жылы Халықаралық олимпиада қозғалысының негізін қалаушы барон Пьер Де Кубер-
тен ұсынды. Бұрынғы кезде спортпен бай және бос жүрген саяхатшылар айналысқан болатын. Бур-
жуазиялықтар тарапынан қалыптасқан спортты, Кубертен әлемдік деңгейде айналысуды енгізуге 30
жыл бойы күш салды. Мақалада бұқаралық спорт федерациясы әзірлеген «Бұқаралық спорт сауална-
масы» (БС-2008), сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (1999) тарапынан дайындал-
ған «Салауатты өмір салты» шкаласының қысқартылған түрікше нұсқасы (WHOQOL-BREF-TR) қол-
данылды. Ғылыми зерттеу жұмысына Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласынан Гази
университеті, әлемдік қала саналатын Түркияның аса ірі, басты портты шаһары Ыстанбұл қаласынан
Ыстанбұл университеті және экономикалық жағынан орташа-төмен саналатын Гүмүшхане қаласынан
Гүмүшхане университетінің студенттері қатысты. Респонденттік мағлұмат формасы: Ғылыми зерттеу
жұмысына қатысушы респонденттің жынысы, жасы, отбасы табысы, жеке кірісі және күнделікті бос
уақыты сияқты мәліметтерінен құралған форма. Сауалнамаға арнайы іріктелмеген мамандықтар бо-
йынша, жалпы саны 450 қыз бала, 695 ер бала қатысты.
Description
Citation
Ермаханов Б.Ө. ЖОО студенттерінің бұқаралық спортқа қызығушылығы мен салауатты өмір салты арасындағы қатынасты анықтау/Б.Ө. Ермаханов, Е. Зорба, М. Түркмен//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2021. №3. 14-20 б.