Болашақ педагогтердің өзін-өзі оқыту дағдыларын қалыптастыру: білім беруде жетістікке жетудің стратегиясы
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақала болашақ педагогтердің өзін-өзі оқыту дағдыларын қалыптастыру мәселесін қарастырады.
Авторлар заман дамуының қазіргі жағдайында әр адамның өзін-өзі оқыту дағдыларын қалыптастыру
қажеттілігін ашады. Зерттеу мәселесі негізделген, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері айқындалған,
қоғамның бүгінгі өзгермелі, серпінді дамып келе жатқан жағдайларына икемді, тәуелсіз болуға және
тез бейімделуге мүмкіндік беретін өзін-өзі оқыту дағдыларының мәні ашылған. Мақалада болашақ
педгогтердің өзін-өзі оқыту дағдыларын қалыптастыру мәселесі бойынша ғалымдардың ғылыми
еңбектерін кешенді талдау, «өзін-өзі оқыту», «өзін-өзі оқыту дағдылары» ұғымдарын жан-жақты
талдау ұсынылған. Өзін-өзі оқыту дағдыларын жұмсақ дағдылар санатына жатқызуға болады,
олардың қалыптасуы мен дамуы студенттерге жоғары оқу орнында оқу процесін тиімді құруға, жеке
оқу стилін қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, өзін-өзі оқытудың негізгі белгілері мен
құрылымдық компоненттері қарастырылған. Мақалада Д.Р. Гариссонның (D.R. Garisson) өзін-өзі
оқыту моделі талданды және өзін-өзі оқыту жүйесінің үш өзара байланысты элементі сипатталды:
өзін-өзі басқару, өзін-өзі бақылау, мотивация. Өзін-өзі оқыту процесін ынталандыруға және қолдауға
әсер ететін мотивациялық факторлар (танымдық, кәсіби, шығармашылық жұмыс, өзін-өзі тану, өзін-
өзі жүзеге асыру, ынталандыру мотивтері) талданды. Авторлар болашақ педагогтердің өзін-өзі
оқытуға дайындық деңгейін анықтау бойынша зерттеу жұмысының нәтижелерін келтірген. Осы
мақсатта L.M. Guglielmino ұсынған «Өзін-өзі оқытуға дайындық шкаласы» (SDLRS) атты Лайкерт
шкаласын қолдана отырып жасалған диагностикалық құрал сипатталған.
Description
Citation
Болашақ педагогтердің өзін-өзі оқыту дағдыларын қалыптастыру: білім беруде жетістікке жетудің стратегиясы / Ельшина М.К. [т.б] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Педагогика» сериясы. — 2024. – Vol.29. – № 3(115). – б. 111-122.