Блум таксономия әдісі философияны оқытуда жетістікке жету құралы ретінде
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада философияны оқытуда Блум таксономиясын қолданудың тиімді шарттары мен жолдары
жан-жақты қарастырылған. Философия сабағында Блум таксономиясын қолданудың мақсаты ―
төменгі деңгейдегі когнитивті қабілеттерді қалыптастыру арқылы студенттердің жоғары деңгейлі
ойлауын ынталандыру. Философияны оқытуда Блум таксономиясының негізгі деңгейлерінде оқу
мақсаттары түсіну, түсіндіру, қайталау, түпнұсқа мысалдар келтіру, жалпылау, қарама-қайшы,
түсініктеме беру, талқылау, тану үшін қолданылады. Автор Блум таксономиясы когнитивтік
дағдылардың деңгейлерін ажыратады және когнитивтік дағдылардың жоғары деңгейін талап ететін,
сондықтан әртүрлі тапсырмалар мен контекстер үшін білім мен дағдыларды тереңірек оқытуға және
жеткізуге әкелетін оқу мақсаттарына назар аударады. Блум таксономиясы философияны оқытуда
білім беру стратегияларын жасауға көмектеседі. Философияны оқытуда Блум таксономиясын қолдану
барысында оқу мақсаттарын оңай жасауға болатын берік негізді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ол
түсінудің әр деңгейіне баға қою мүмкіндігін береді. Блум таксономиясының 1956 жылғы қайта
қаралған нұсқасынан айырмашылығы, қайта қаралған таксономия проблемаларды шешуде
қолданылатын «не білу керек», ой мазмұны және «қалай білу керек» процедураларын ажыратады.
Білімнің өлшемі ― «білу керек нәрсе». Блум таксономиясы оқу деңгейлерінің белгілі бір
иерархиясына негізделгендіктен, әрбір деңгей тереңірек және жетілдірілген когнитивті дағдыларға
қол жеткізу үшін оқытудың маңызды бөлігі болып табылады. Осыған байланысты біз студенттердің
философияны оқытудағы теориялық білімдерін практикалық дағдылармен қатар дамытудағы «Блум
таксономиясының» маңыздылығы мен рөлін тікелей атап өтер едік.
Description
Keywords
Citation
Спанов М.Ж.Блум таксономия әдісі философияны оқытуда жетістікке жету құралы ретінде/ М.Ж. Спанов// Қарағанды университетінің хабаршысы. – 2023. – № 4(112). – 263-273 б.