Эмотивтілік санаты лингвистикалық феномен ретінде: эмоциялық сезім-күйді жеткізудің синтаксистік құралдары

dc.contributor.authorТургумбаева, Н.К.
dc.contributor.authorОспанова, Д.Ж.
dc.contributor.authorҚапантайқызы, Ш.
dc.date.accessioned2025-10-28T11:23:15Z
dc.date.available2025-10-28T11:23:15Z
dc.date.issued2025-09-30
dc.description.abstractМақалада эмотивтілік категориясы лингвистикалық феномен ретінде қарастырылып, эмоцияны жеткізудің синтаксистік құралдары талданған. Эмотивті синтаксис логикалық синтаксиске сезім білдіру синтаксисі мен ой білдіру синтаксисі ретінде қарсы қойылады. Логикалық синтаксис — нормативті, эмотивті-бейтарап, грамматикаланған, тұрақты деген мағынада алынса, эмотивті синтаксис міндеті — ең әуелі образды ойлауды, қиялды белсендендіру. Эмотивті синтаксистің негізгі қызметі психиканың сезім саласын когнитивтік-коммуникативтік үдерістерге араластыру. Зерттеудің мақсаты — эмотивті синтаксистің когнитивті-коммуникативтік үдерістердегі рөлін анықтап, оның логикалық синтаксистен айырмашылығын көрсету және қазақ тіліндегі эмотивті синтаксистік құрылымдардың ерекшеліктерін сипаттау. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды: эмотивті синтаксистің негізгі категориялары мен олардың коммуникативтік қызметін сипаттау; синтаксистік трансформациялық құралдардың (оңашалану, транспозиция, парцелляция және басқа да тәсілдер) құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін талдау; эмотивті сөйлемдердің көркем мәтіндер мен ауызекі сөйлеу тілінде жүзеге асуын зерттеу; қазақ тіл біліміндегі эмотивті синтаксис құбылыстарын жүйелеп, оларды лингвистикалық және когнитивтік тұрғыдан негіздеу. Эмотивті синтаксис арқылы ақпарат эмоционалдық тұрғыдан өңделіп, интегративті қабылдауға негізделеді. Эмотивті құрылымдардың қалыптасуына әсер ететін синтаксистік трансформациялық құралдар ретінде оңашалану, транспозиция және парцелляция талданған. Сонымен қатар дислокация, инверсия, интеркаляция, реприза, редукция, компрессия, реконструкция секілді тәсілдердің қолдану ерекшеліктері зерттелген. Мақалада эмотивті синтаксистің негізгі категориялары, олардың коммуникативтік мақсатқа жетудегі функционалдық және формалды аспектілері жан-жақты қарастырылған. Зерттеуде анықталған басты нәтижелердің бірі — эмотивті синтаксистік құралдардың қазақ тілінде кең таралғандығы. Қазақ тілінде эмотивтілік синтаксистік құралдар көркем мәтіндер мен жанды қолданыста қалай жүзеге асатыны зерделенеді. Бұл қазақ тілінің эмоцияны жеткізудегі икемділігін және синтаксистік бейнелеу мүмкіндіктерін ашады. Зерттеу нәтижелері тілдік эмоционалдылықты жеткізудің теориялық және практикалық аспектілерін байытуға бағытталған. Авторлар эмотивті құрылымдардың прагматикалық және когнитивтік аспектілерін сипаттап, тілдегі эмоционалдылықты жеткізудің тиімділігін арттыру жолдарын ұсынады. Бұл зерттеу нәтижелері эмотивті синтаксистің жүйелік және категориялық мүмкіндіктерін анықтауға үлес қосып, болашақта қазақ тілінің синтаксистік құрылымдарын талдауда қолданылатын әдістерді жетілдіруге негіз бола алады. Зерттеу барысында эмотивті синтаксистік бірліктердің толық жүйеленбеуі мен белгілі бір аспектілердің әлі де толық зерттеуді қажет ететіні айқындалды. Бұл бағыттағы зерттеулер қазақ тіл білімін жаңа деңгейге көтеріп, оның синтаксистік құрылымдарын түсіндіру әдістемелерін байытуға мүмкіндік береді.ru_RU
dc.identifier.citationТургумбаева Н.К. Эмотивтілік санаты лингвистикалық феномен ретінде: эмоциялық сезім-күйді жеткізудің синтаксистік құралдары/Н.К. Тургумбаева, Д.Ж. Оспанова, Ш. Қапантайқызы//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №3. 148-160 б.ru_RU
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz//handle/data/20987
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherАкадемик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series.;№3(119)/2025
dc.subjectэмотиологияru_RU
dc.subjectэмотивті синтаксисru_RU
dc.subjectоңашалануru_RU
dc.subjectтранспозицияru_RU
dc.subjectпарцелляцияru_RU
dc.subjectдислокацияru_RU
dc.subjectинверсияru_RU
dc.subjectинтеркаляцияru_RU
dc.subjectрепризаru_RU
dc.subjectредукцияru_RU
dc.subjectкомпрессияru_RU
dc.subjectреконструкцияru_RU
dc.subjectэнантиосемиялық құрылымдарru_RU
dc.subjectкоммуникемаru_RU
dc.titleЭмотивтілік санаты лингвистикалық феномен ретінде: эмоциялық сезім-күйді жеткізудің синтаксистік құралдарыru_RU
dc.title.alternativeКатегория эмотивности как лингвистический феномен: синтаксические средства передачи эмоционального состоянияru_RU
dc.title.alternativeThe Category of Emotivity as a Linguistic Phenomenon: Syntactic Means of Conveying Emotional Statesru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
фил-148-160.pdf
Size:
1.08 MB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: