Эмотивтілік санаты лингвистикалық феномен ретінде: эмоциялық сезім-күйді жеткізудің синтаксистік құралдары
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада эмотивтілік категориясы лингвистикалық феномен ретінде қарастырылып, эмоцияны
жеткізудің синтаксистік құралдары талданған. Эмотивті синтаксис логикалық синтаксиске сезім
білдіру синтаксисі мен ой білдіру синтаксисі ретінде қарсы қойылады. Логикалық синтаксис —
нормативті, эмотивті-бейтарап, грамматикаланған, тұрақты деген мағынада алынса, эмотивті
синтаксис міндеті — ең әуелі образды ойлауды, қиялды белсендендіру. Эмотивті синтаксистің негізгі
қызметі психиканың сезім саласын когнитивтік-коммуникативтік үдерістерге араластыру. Зерттеудің
мақсаты — эмотивті синтаксистің когнитивті-коммуникативтік үдерістердегі рөлін анықтап, оның
логикалық синтаксистен айырмашылығын көрсету және қазақ тіліндегі эмотивті синтаксистік
құрылымдардың ерекшеліктерін сипаттау. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
эмотивті синтаксистің негізгі категориялары мен олардың коммуникативтік қызметін сипаттау;
синтаксистік трансформациялық құралдардың (оңашалану, транспозиция, парцелляция және басқа да
тәсілдер) құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін талдау; эмотивті сөйлемдердің көркем
мәтіндер мен ауызекі сөйлеу тілінде жүзеге асуын зерттеу; қазақ тіл біліміндегі эмотивті синтаксис
құбылыстарын жүйелеп, оларды лингвистикалық және когнитивтік тұрғыдан негіздеу. Эмотивті
синтаксис арқылы ақпарат эмоционалдық тұрғыдан өңделіп, интегративті қабылдауға негізделеді.
Эмотивті құрылымдардың қалыптасуына әсер ететін синтаксистік трансформациялық құралдар
ретінде оңашалану, транспозиция және парцелляция талданған. Сонымен қатар дислокация, инверсия,
интеркаляция, реприза, редукция, компрессия, реконструкция секілді тәсілдердің қолдану
ерекшеліктері зерттелген. Мақалада эмотивті синтаксистің негізгі категориялары, олардың
коммуникативтік мақсатқа жетудегі функционалдық және формалды аспектілері жан-жақты
қарастырылған. Зерттеуде анықталған басты нәтижелердің бірі — эмотивті синтаксистік құралдардың
қазақ тілінде кең таралғандығы. Қазақ тілінде эмотивтілік синтаксистік құралдар көркем мәтіндер мен
жанды қолданыста қалай жүзеге асатыны зерделенеді. Бұл қазақ тілінің эмоцияны жеткізудегі
икемділігін және синтаксистік бейнелеу мүмкіндіктерін ашады. Зерттеу нәтижелері тілдік
эмоционалдылықты жеткізудің теориялық және практикалық аспектілерін байытуға бағытталған.
Авторлар эмотивті құрылымдардың прагматикалық және когнитивтік аспектілерін сипаттап, тілдегі
эмоционалдылықты жеткізудің тиімділігін арттыру жолдарын ұсынады. Бұл зерттеу нәтижелері
эмотивті синтаксистің жүйелік және категориялық мүмкіндіктерін анықтауға үлес қосып, болашақта
қазақ тілінің синтаксистік құрылымдарын талдауда қолданылатын әдістерді жетілдіруге негіз бола
алады. Зерттеу барысында эмотивті синтаксистік бірліктердің толық жүйеленбеуі мен белгілі бір
аспектілердің әлі де толық зерттеуді қажет ететіні айқындалды. Бұл бағыттағы зерттеулер қазақ тіл
білімін жаңа деңгейге көтеріп, оның синтаксистік құрылымдарын түсіндіру әдістемелерін байытуға
мүмкіндік береді.
Description
Citation
Тургумбаева Н.К. Эмотивтілік санаты лингвистикалық феномен ретінде: эмоциялық сезім-күйді жеткізудің синтаксистік құралдары/Н.К. Тургумбаева, Д.Ж. Оспанова, Ш. Қапантайқызы//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №3. 148-160 б.