Ауыл шаруашылығын субсидиялау мəселелері

dc.contributor.authorИскендирова, C.Қ.
dc.contributor.authorКонуспаев, Р.К.
dc.contributor.authorДемесинов, Т.Ж.
dc.date.accessioned2020-02-06T06:29:00Z
dc.date.available2020-02-06T06:29:00Z
dc.date.issued2019-12-30
dc.description.abstractҚазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласындағы бюджеттік субсидиялау үрдістері зерттелді, агроөнеркəсіптік кешенді республикалық бюджеттен субсидиялау жүйесінің 2012–2018 жж. аралығында елеулі өзгерістерге ұшырау жағдайы талданды. Келесі бағыттар бойынша субсидиялауды жүзеге асыру бағыттары зерттелді: инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу; АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағыты шеңберінде кредиттік жəне лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау; ауылшаруашылығы малдарын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау; АӨК саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау. Субсидиялар белгілі бір ресурстар түрлерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында берілгендіктен, субсидиялардың экономикалық мəні субсидиялар арналған кəсіпорындардың (саланың) бəсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылатыны қорытындыланды. Субсидиялау үрдісіндегі келесідей кемшіліктер анықталды: инвестициялық субсидиялау қағидаларында өңірлердің даму əлеуетіне қарай өлшемдер ескерілмейді; субсидиялау ережелерінде бағыттарды қаржыландырудың шекті көлемі регламенттелмеген, сол арқылы басымдықтың төменгі қатарындағы бағыттар үшін қаражаттың болмауы тəуекелі туындайды; ауыл шаруашылығы малдарын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға несие беру сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау көп жағдайда өңірлерде сұранысқа ие емес. Қаражатты жоспарлау жыл сайын бөлінетін көлемдерді резервтеу жəне оларды одан əрі қайта бөлу мақсатында жүзеге асырылады. Лизинг алу кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау инвестициялық субсидиямен (ынталандыру жоспарында) қиылысатынын, ал мемлекеттік қолдау шараларын (кредиттер жəне технологиялық жабдықтар лизингі бойынша, ауылшаруашылық жануарларын сатып алуға, сондай-ақ инвестициялық субсидиялар бере отырып, ауылшаруашылық техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау) қоса атқару заңмен қарастырылғанын ескере отырып, субсидиялардың тиімділігін бағалау үрдісі жəне олардың салаға əсері күрделене түсуде. Айналым қаражатын толықтыру қысқамерзімді несиелендіруді ынталандыруды білдіреді жəне өндіріс көлемін ұлғайтуға жəне кеңейтуге ықпал етпейді.ru_RU
dc.identifier.citationИскендирова C.Қ. Ауыл шаруашылығын субсидиялау мəселелері/C.Қ. Искендирова, Р.К. Конуспаев, Т.Ж. Демесинов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика. -2019. №4. 61-66 б.ru_RU
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz//handle/data/9319
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherҚарМУ баспасыru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика.;№4(96)/2019
dc.subjectауыл шаруашылығыru_RU
dc.subjectагроөнеркəсіптік кешенru_RU
dc.subjectсубсидияru_RU
dc.subjectбюджетru_RU
dc.subjectинвестицияru_RU
dc.subjectнесиеru_RU
dc.titleАуыл шаруашылығын субсидиялау мəселелеріru_RU
dc.title.alternativeПроблемы субсидирования сельского хозяйстваru_RU
dc.title.alternativeProblems subsidies in the sphere of agricultureru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
Эк-2019-4-61-66.pdf
Size:
535.67 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: