Ауыл шаруашылығын субсидиялау мəселелері
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласындағы бюджеттік субсидиялау үрдістері
зерттелді, агроөнеркəсіптік кешенді республикалық бюджеттен субсидиялау жүйесінің 2012–2018 жж.
аралығында елеулі өзгерістерге ұшырау жағдайы талданды. Келесі бағыттар бойынша субсидиялауды
жүзеге асыру бағыттары зерттелді: инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шеккен
шығыстардың бір бөлігін өтеу; АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағыты шеңберінде
кредиттік жəне лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;
ауылшаруашылығы малдарын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредит беру,
сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау; АӨК саласындағы дайындаушы
ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының
сомасын субсидиялау. Субсидиялар белгілі бір ресурстар түрлерінің қолжетімділігін арттыру
мақсатында берілгендіктен, субсидиялардың экономикалық мəні субсидиялар арналған
кəсіпорындардың (саланың) бəсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылатыны қорытындыланды.
Субсидиялау үрдісіндегі келесідей кемшіліктер анықталды: инвестициялық субсидиялау
қағидаларында өңірлердің даму əлеуетіне қарай өлшемдер ескерілмейді; субсидиялау ережелерінде
бағыттарды қаржыландырудың шекті көлемі регламенттелмеген, сол арқылы басымдықтың төменгі
қатарындағы бағыттар үшін қаражаттың болмауы тəуекелі туындайды; ауыл шаруашылығы
малдарын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға несие беру сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау көп жағдайда өңірлерде сұранысқа ие емес. Қаражатты жоспарлау жыл
сайын бөлінетін көлемдерді резервтеу жəне оларды одан əрі қайта бөлу мақсатында жүзеге
асырылады. Лизинг алу кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау инвестициялық субсидиямен
(ынталандыру жоспарында) қиылысатынын, ал мемлекеттік қолдау шараларын (кредиттер жəне
технологиялық жабдықтар лизингі бойынша, ауылшаруашылық жануарларын сатып алуға, сондай-ақ
инвестициялық субсидиялар бере отырып, ауылшаруашылық техникасының лизингі бойынша сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау) қоса атқару заңмен қарастырылғанын ескере отырып,
субсидиялардың тиімділігін бағалау үрдісі жəне олардың салаға əсері күрделене түсуде. Айналым
қаражатын толықтыру қысқамерзімді несиелендіруді ынталандыруды білдіреді жəне өндіріс көлемін
ұлғайтуға жəне кеңейтуге ықпал етпейді.
Description
Keywords
Citation
Искендирова C.Қ. Ауыл шаруашылығын субсидиялау мəселелері/C.Қ. Искендирова, Р.К. Конуспаев, Т.Ж. Демесинов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика. -2019. №4. 61-66 б.