Тоқыма саласы кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін дамытуды басқарудың институционалдық құралдары
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақсаты: Мақалада отандық тоқыма өнімдерінің экспорттық әлеуетін жоғарылату үшін институционалдық құралдарды тиімді қолданудың бағыттары ұсынылған.
Әдісі: Мақалада ақпараттық негізі ретінде тоқыма өнеркәсібі өнімдерінің экспорттық сауда-саттығына қатысты статистикалық мәліметтер пайдаланылды. Зерттеу барысында жүйелік және статистикалық әдістер қолданылды. Мақала авторлары тоқыма өнімдерінің экспортын ынталандыру құралдарына қатысты ғалымдардың
еңбектерін зерттеген: өнеркәсіптік өнімдер экспортының мемлекеттік кепілдіктері, экспорттың тиімділігін бағалау көрсеткіштері, бәсекелестік мәселелері, заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету, баға саясаты, білікті жұмыс күші, цифрлық трансформация мүмкіндігі. Қорытынды: Авторлар тоқыма өнімдерін халықаралық нарықтарға жылжыту стратегиясын әзірлеу үшін шет елдер мен Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерінің деректерін талдаған. Сонымен қатар тоқыма өнімде-
рінің экспортын дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді анықтаған: техникалық және технологиялық артта қалу; өндірістік қуаттылықтың жеткіліксіздігі; мамандардың тапшылығына байланысты еңбек өнімділігінің төмендігі; өндіріс құралдары мен ілеспе фурнитураның болмауы; жоғары өзіндік құнына байланысты дайын өнімнің бәсекеге қабілетсіздігі. Тұжырымдама: Мақалада тоқыма саласы кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін дамытудың болашағы бар институционалдық құралдарын анықтаған: сыртқы сауданы қаржыландырумен тікелей байланысты емес
экспорттық акселерация бағдарламасын әзірлеу; үлкен деректерді өңдеу және жасанды интеллект технологияларын пайдалану негізінде тоқыма саласы кәсіпорындарының кешенді экожүйесін енгізу; шетелде тоқыма
өнімдерін экспорттаушыларды сақтандырумен қорғауды қамтамасыз ету; сыртқы сауданы қаржыландыруға тікелей қатысы жоқ экспорттық акселерация бағдарламасын технологиялық жаңғырту.
Description
Citation
Тоқыма саласы кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін дамытуды басқарудың институционалдық құралдары / Дурру Д.К.[et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Экономика» сериясы. – 2023. – № 1(109). – 212-219 б.