Macromedia flash бағдарламасы негізінде ағылшын тілінде интерактивті тапсырмалар жинағын құрастыру ерекшеліктері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Авторлар білім беру жүйесін цифрлық трансформациялаудың және бастауыш сынып оқушыларына шетел тілін үйрету үшін сапалы цифрлық контентті жасаудың өзекті мәселелерін зерттейді. Мақалада Macromedia Flash бағдарламасы негізінде жасалған оқушыларға арналған интерактивті тапсырмалардың авторлық жинағының үзіндісі келтірілген. Осы интерактивті жинақ бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн) негізінде жасалған. Аталмыш авторлық интерактивті тапсырмалардың жинағының өзектілігі — шетел тілдерін білу заманауи әлемнің ажырамас бөлігі болуымен түсіндіріледі. Бүгінгі таңда білім берудің барлық деңгейлерінде шетел тіліндегі коммуникативтік және цифрлық құзыреттіліктерді қалыптастыру педагогикадағы өзекті зерттеу нысаны болып табылады. Интерактивті жинақ жалпы білім беретін мектеп қызметкерлеріне, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына, ағылшын тілі мамандықтары бойынша оқитын жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне арналған. Интерактивті тапсырмалар жинағын негізгі ағылшын тілі сабақтарында да, қосымша сабақтарда да қолдануға болады. Бұл интерактивті жинақ кіші мектеп жасындағы балаларды оқытуға қойылатын барлық заманауи талаптарға жауап береді және 6–7 жастағы балалардың ағылшын тіліндегі коммуникативті құзыреттіліктерін дамытып, сонымен қатар заманауи білім берудің ажырамас бөлігі болып табылатын цифрлық құзыреттіліктерді дамытады.

Description

Citation

Macromedia flash бағдарламасы негізінде ағылшын тілінде интерактивті тапсырмалар жинағын құрастыру ерекшеліктері/ Каримова Г.С. [т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Педагогика» сериясы..-2022.- № 2(106). –150-155 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By