Тәжірибелік гипотиреоз кезіндегі қалқанша безінің құрылымын қалпына келтірудің жаңа жолдары

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада тәжірибелік гипотиреоз кезінде және қалпына келтіру жағдайында қалқанша безінің морфофункционалды жағдайы мен құрылымы туралы мәліметтер берілген. Тәжірибелер этикалық стандарттарға сәйкес салмағы 250±3 г болатын 45 дана Spraque Dawley (SD) аталық егеуқұйрықтарына жүргізілді. Зерттеу нәтижелері, эксперименттік гипотиреозбен ауыратын егеуқұйрықтарға ұнтақтағы «Қара шипа плюс» бальзамы және құрамында йоды бар аққазтабан биоактивті қолданғанда қалқанша безінің фолликулаларында жасушалардың кластерлерінің (аралшықтарының) пайда болуын көрсетті, бұл қалқанша безі тінінің қалпына келуі. Қалқанша безінің перифериялық бөлігінде фолликула ішілік коллоидты фолликулдар және қалыпты қан толтырылған қан капиллярлары анықталады. Бірақ бұл аймақта фолликулярлық эпителий анықталмады. Биоактивті композицияны қолданғаннан кейін фолликулярлық эпителийдің пролиферациясы фолликулдың саңылаулы секрециямен немесе фолликул қабырғасында сопақша тәрізді өсінділердің пайда болуы түрінде сақталады. Бұл белсенді жұмыс істейтін тиреоциттердің санының артуын көрсетеді және компенсаторлық сипатқа ие. Жануарларда түзетуден кейін әртүрлі мөлшерде тироглобулин бар фолликулдар анықталып, фолликулярлық құрылымның қалпына келуі байқалды. Тәжірибелік гипотиреозды түзету кезінде қолданылған ұнтақтағы «Қара шипа плюс» бальзамы және құрамында йоды бар аққазтабан биоактив қалқанша безінің құрылымдарына оң әсерін көрсетті.

Description

Citation

Тәжірибелік гипотиреоз кезіндегі қалқанша безінің құрылымын қалпына келтірудің жаңа жолдары / Кожаниязова У.Н.[т.б.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Биология. Медицина. География» сериясы. – 2023. – № 1(109). – б. 143-150.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By