Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда өзіндік жұмыстарды тиімді ұйымдастырудың маңызы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақала болашақ бастауыш сынып мұғалімдері бойында зерттеушілік мәдениетті қалыптастырудағы өзіндік жұмысты тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын зерделеп, тұжырымдауға арналған. Қарастырылып отырған мәселе аясындағы зерттеулердің мақсаты жоо студенттерінің өзіндік жұмысының сапасы мен тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және бағалау, оны оңтайландыру үшін ұсыныстар кешенін әзірлеу. Авторлар мақалада нақты тәжірибеде студенттердің зерттеушілік мәдениеті қалыптасуының қазіргі жағдайын анықтауға бағытталған эмпирикалық зерттеулер нәтижелерін сараптау және өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесіне, сондай-ақ өзіндік жұмыстың критерийлері мен өлшемдерін анықтаудың тиімді әдістеріне арналған әдебиеттерге жүйелі шолу жасаған. Зерттеудің негізгі тұжырымдары заманауи білім беру технологияларын интеграциялау, оқу үрдісін жекелендіру, оқытушылардың тәлімгерлік рөлін күшейту мен ресурстық және әдістемелік негізді оңтайландыру қажеттілігін көрсетеді. Мақала мазмұны бүгінгі кредиттік білім беру жүйесіндегі білім алушылардың өзіндік жұмысқа бейімделу динамикасына назар аударуды көздейді, бұл үдеріс педагогикалық тәжірибеде кері байланыс орнатудың және студенттер мен оқытушылардың өзара әрекеттесуінің маңыздылығын көрсетеді. Берілген ұсыныстарды іске асыру студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру тиімділігін арттырып, тәжірибеде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда жоғары оқу орындарында өткізілетін өзіндік жұмыстарды тиімді ұйымдастырудың қазіргі заман талаптарына сай педагог-мамандардың кәсіби деңгейін үздіксіз жетілдірудегі жетістіктерге қол жеткізуі мен шығармашылық ізденістерге деген ұдайы ұмтылысын арттырудағы және түрлі жағдайларда оң шешім қабылдауға дағдыландырудағы маңыздылығы атап көрсетілген.

Description

Citation

Бурибаев Д.Е. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда өзіндік жұмыстарды тиімді ұйымдастырудың маңызы/Д.Е. Бурибаев, Г.Р. Бахтиярова, А.М. Токжанова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2025. №3. 82-93 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By