Қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдеріндегі фразеологиялық бірліктерді салыстырмалы талдау

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы

Abstract

Мақала қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерінің фразеологиялық бірліктерін салыстыра зерттеуге ар- налған. Тіл – мəдениетті таратушы құрал. Фразеология əр халықтың ұлттық мəдениетінің, тіл ерекше- лігінің көрсеткіші. Осыған байланысты тіл білімінде фразеологиялық бірліктерді салыстырмалы ас- пектіде зерттеу қазіргі таңда маңызды болып саналады. Фразеологизмдер тілге бейнелілік, эмоцио- налдық бояу береді. Авторлар мақалада қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдеріндегі адамның теріс пси- хоэмоционалдық күйін білдіретін фразеологизмдерді қарастырған. Зерттеу барысында қазақ тілінде — 200, орыс тілінде — 220, ағылшын тілінде — 210, қытай тілінде — 180 фразеологиялық бірліктер ірік- теліп, салыстырылып, олардың құрылымдық, семантикалық екрекшеліктері анықталды. Бұл іріктеу нəтижесі қазақ тілінде — 15, орыс тілінде — 14, ағылшын тілінде — 12, қытай тілінде — 10 фразео- семантикалық топтарды айқындауға мүмкіндік берді. Олардың ішінде ең көп фразео-семантикалық топтарға: қайғы (қазақ тілінде — 30, орыс тілінде — 17, ағылшын тілінде — 25, қытай тілінде — 15), ашу (қазақ тілінде — 25, орыс тілінде — 27, ағылшын тілінде — 19, қытай тілінде — 18), қорқыныш (қазақ тілінде — 30, орыс тілінде — 29, ағылшын тілінде — 32, қытай тілінде — 20) жатады. Сондай- ақ, қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдері фразеологизмдерінің мысалында семантикалық мағынаны, бейнені, бейненің концептуалдық негізін қарастырып, төрт тілде олардың ұқсастықтары мен айырма- шылықтарын айқындау көзделген. Зерттеу аясында ашу эмоциясына басты назар аударылып, қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерінде қарастырылды.

Description

Citation

Алшынбекова М.С. Қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдеріндегі фразеологиялық бірліктерді салыстырмалы талдау/М.С. Алшынбекова, Н.З. Жуманбекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2022. №4. 92-98 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By