Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеші–педагогтерінің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру

Abstract

Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі мектепке дейінгі ұйым тәрбиеші–педагогтерінің ата- аналармен және балалармен қарым-қатынасы болып отыр. Коммуникативті құзыреттілік адам өмірінде маңызды орын алады. Балалармен, ата-аналармен және әріптестерімен үнемі байланыста болатын тәрбиеші–педагог жұмысының сәттілігі, әрине, қарым-қатынас жасау қабілетіне байланысты. Сонымен бірге, қарым-қатынаста жетекші роль тәрбиеші–педагогке тиесілі, өйткені ол мектепке дейінгі ұйымның кәсіби және ресми өкілінің бірі. Педагогикалық тәжірибеде қарым-қатынас кәсіби жетістіктің маңызды факторы болып саналады. Мақалада қазіргі заманғы білім беру жағдайында мектепке дейінгі ұйым тәрбиеші–педагогтерінің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру мәселесіне жан-жақты талдаулар жасалған. Құзыреттілікке берілген анықтамалардың әртүрлілігі мен көптігіне қарай оның кең мағыналылығын салыстыра отырып, тақырып мазмұны зерделенген. Коммуникативті құзыреттілік — жалпы мәдениетті және оның кәсіби қызметтегі өзіндік көріністерін синтездейтін интегралды сапа ретінде сипатталады. Тәрбиеші-педагогтің коммуникативті құзыреттілігінің мәнін сипаттай отырып, олардың коммуникативті қасиеттерін қамтамасыз ететін бағыттарын ашып көрсетеді. Авторлар коммуникативті құзыреттілікті кәсіби құзыреттілік пен сөйлеу мәдениетін қазіргі тәрбиеші–педагогтің жалпы кәсіби-педагогикалық мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде қарастыруды жөн санайды. Педагогикалық қарым-қатынастың жетістігі тәрбиеші–педагогтің коммуникативтік мәдениетінің деңгейіне байланысты. Сөзді қолдана білу, өз ойыңызды эмоционалды түрде білдіру — қарым-қатынастың маңызды жағы деуге болады. Сонымен қатар, мақалада тәрбиеші– педагогтердің коммуникативті құзыреттілігі, коммуникативті мәдениет, коммуникативті дағдылар, коммуникативті қабілеттерінің мәні ашылған.

Description

Citation

Бейсенбекова Г.Б. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеші–педагогтерінің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру/Г.Б. Бейсенбекова [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2022. 32-38 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By