Педагогикада музыкалық білім беруде жаңашылдық пен дəстүрлер проблемалары
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Қарму басп.
Abstract
Мақалада Мұхит Мералиев пен Ғарифолла Құрманғалиевтың мектебіндегі оқыту əдістемесінің өзіндік
ерекшеліктері қарастырылған. Мұхит пен Ғарифолланың шығармашылықтарында музыкалық-
ақындық формалар мен жанрлар, сонымен қатар оны композитор, ақын, орындаушы ретінде
танытатын жеке жаңашылдық ізденістер кездесетіндігі талданды. Басты мақсат мақаладағы
музыкалық-ақындық көркем шығарманың түрлі құралдарының пайда болу тарихына, сондай-ақ
құрылымдық ұйымдастырудың əртүрлі деңгейдегі өлең, вокал, домбыра бастамаларының дамуына
бағытталған. Мұхит пен Ғарифолланың Батыс Қазақстандағы əн өнері мектебіне ерекше еңбек сіңіріп,
көптеген бағалы жұмыстар қалдырған шығармалары келтірілген. Негізгі үш компонентке: ақындық
мазмұн, əуенділік жəне домбыра партияларының бір-бірін толықтыруына бағытталған
шығармашылықтың құралдары көрсетілген. Мұндай үшбірліктік Батыс Қазақстан аймағының əн-
аспаптарының тұтастығы туралы айтады. Музыкалық білім берудің негізгі қағидалары мазмұндалған.
Негізгі бағыт музыкалық қызметтің əр түрлерін оқыту əдістемесі мен негізгі əдістемелік жүйелерін
қамтыған.
Description
Citation
Құрманғалиева М.С. Педагогикада музыкалық білім беруде жаңашылдық пен дəстүрлер проблемалары/М.С. Құрманғалиева, Ж.У. Жолбаева//Қарағанды ун-тінің хабаршысы. Педагогика сер.=Вестник Караганд.ун-та=Bulletin of the Karaganda university.-2017.-№4(88).-Б.117-121