Ұлытау өңіріндегі Жошы Ұлысы уақытының жерлеу ескерткішіндегі зерттеу жұмыстары

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Ұлытау өңірінде Жошы Ұлысы уақытына тиесілі материалдық мәдениетті айшықтайтын қала, қоныс, кесене мен жерлеу орындары көптеп кездеседі. Осы қатардағы тарихи мұралардың бірі жерлеу ескерткіштері. Мақаланың зерттеу нысаны болып отырған Жошы хан кешеніннің аумағында орналасқан қоршау түріндегі жерлеу орны. Сонымен қатар осы ескерткішке қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының тың нәтижелері берілген. Археологиялық қазба барысында анықталған жерлеу орнының сыртқы құрылысы мен жерлеу дәстүрі бойынша салыстырмалы зерттеу әдістері арқылы мәдени атрибуциясы айқындалды. Табылған монета бойынша нумизимтикалық сараптама жасалып, басылған теңге сарайы мен айналымға енгізілген мерзімі анықталды. Сонымен қоса жерленген адамның қаңқа сүйегі бойынша антропологиялық сипаттамасы жасалып, 20–25 жас шамасындағы әйел адам болғандығы белгілі болды. Радиокөміртектік әдіс арқылы өмір сүрген уақыты нақтыланып, XIV ғ. ортасына жататын ескерткіштер қатарына жатқызылды. Антропологиялық белгілерінде ешқандай патологиялық ерекшеліктердің болмауына және киімімен бірге салтанатты түрдегі жерлеу салтына қарай әлеуметтік мәртебесі жоғары тұлға болуы ықтимал деген пайымдау жасалды. Жерлеу дәстүрінің ерекшеліктерін ескере отырып, жергілікті халықтың рухани құндылықтары мен тұрмыстық салт-жоралғыларына қатысты көзқарастар айтылды. Атап айтқанда қоршау түріндегі жерлеу ескерткіштерінің қалыптасқан уақыты, XIV ғ. ортасы мен XV ғ. аралығында адамды жерлеу дәстүріндегі мұсылмандық белгілердің басымдық ала бастауы және жергілікті халықтың тәңірлік наным-сеніммен сабақтас ескі дәстүрдің сақталуына байланысты негіздемелер жасалды.

Description

Citation

Қасенәлі, А.Е. Ұлытау өңіріндегі Жошы Ұлысы уақытының жерлеу ескерткішіндегі зерттеу жұмыстары/А.Е. Қасенәлі, С.Ғ. Есен, А.Ш. Искаков//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.-2022.-№2(106).-б.85-96

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By