Мемлекеттік тілдегі терминдерді азаматтық заңнамада қолдану мәселелері (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінің мәтіні бойынша)

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы

Abstract

Мақалада Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндеріне жүргізілген лингвистикалық сараптама нәтижелері қорытындыланған. Зерттеу жүргізудің мақсаты ҚР «Құқықтық актілер туралы» заңының 24-бабының 3-бөліміне сәйкес нормативтік құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығын қамтамасыз етуді жүзеге асыру бойынша ҚР Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлімінің) екі тілдегі мәтіндеріне салыстырмалы линвистикалық-құқықтық сараптама жүргізу арқылы заңдық терминдердің аудармасындағы сәйкессіздіктерді айқындау, терминологияның дұрыс аудармасын ұсыну болып табылады. Сараптама нәтижелері авторлардың «Заңдық терминдердің бірегей қазақ тіліндегі сөздігін» құрастыруға негіз болады. Заңдық терминдердің көпшілігі ағылшын, француз, латын тілдерінен енгізілген, сондықтан дүниежүзі бойынша өзгертілместен қолданылып жүр. Сонымен қатар мақалада ұлттық заңнамада шет тілінен енгізілген заңдық терминдерді қазақ тіліне аудармай түпнұсқа түрінде қолдану туралы пікір қозғалған. Халықаралық заң терминдерін аударған жағдайда оның мағынасы дәлме дәл сәйкес келе бермейді, екінші жағынан түрлі ұқсас сөздерді қолдану арқылы заңның сапасын жоғалтып аламыз деген ой айтылады. Қорытындыда азаматтық заңнамадағы заңдық терминдердің дұрыс аударылуын қамтамасыз ету үшін оларды біріздендіру, стандарттау қажет деген ұсыныс берілген.

Description

Citation

Ильясова Г.А. Мемлекеттік тілдегі терминдерді азаматтық заңнамада қолдану мәселелері (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінің мәтіні бойынша)/Г.А.Ильясова, Р.А.Токатов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2022. №2. Б. 123-129.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By