Виртуалды мұражай әдісі арқылы білім алушылардың ұлттық құндылықтарын қалыптастырудың жолдары
| dc.contributor.author | Даулеталиева, Д.М. | |
| dc.date.accessioned | 2025-08-18T05:14:26Z | |
| dc.date.available | 2025-08-18T05:14:26Z | |
| dc.date.issued | 2025-06-30 | |
| dc.description.abstract | Зерттеудің өзектілігін айқындау мақсатында нормативті құжаттар, оның ішінде «Әділетті Қазақстан — Адал азамат», «Білім туралы» заңда қарастырылған ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған патриоттық ұйымдарды жоспарлау және кәсіби тұрғыда дамуға мүмкіндік беретін міндеттер қарастырылды. Оқу процесінде виртуалды мұражай әдісі арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың маңызын зерттеген ғалымдардың зерттеулеріне теориялық тұрғыда талдау жасалды. Зерттеудің мақсаты — білім алушылардың ұлттық құндылықтарын виртуалды мұражай әдісі арқылы қалыптастырудың жолдарын айқындау. Зерттеуге А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бағытында оқитын 2- курстың 32 білім алушылары қатысты. Зерттеу үш кезең (анықтау, қалыптастыру, бақылау) бойынша іске асырылды. Анықтау кезеңінде авторлық сауалнама арқылы алғашқы нәтижелер алынды; қалыптастыру кезеңінде ұлттық құндылықтарды виртуалды мұражай әдісі арқылы қалыптастырудың үш жолы: бірінші — зерттеу мәселесінің теориялық негіздерін айқындау; екінші — ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда виртуалды мұражай технологиясы арқылы (Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы) өнертанымдық бұйымдарды насихаттау; үшінші — ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған виртуалды (Әзірет Сұлтан Ұлттық-тарихи мәдени музей-қорығы, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы) мұражайларды қолдану. Виртуалды музей — рухани және танымдық бағытта ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда маңызы зор құрал ретінде қарастырылды. Бақылау кезеңіндегі нәтижелер қалыптастыру кезеңінде жүргізілген жұмыстардың тиімділігін көрсетті. | ru_RU |
| dc.identifier.citation | Даулеталиева Д.М. Виртуалды мұражай әдісі арқылы білім алушылардың ұлттық құндылықтарын қалыптастырудың жолдары/Д.М. Даулеталиева//Қарағанды университетінің педагогика сериясы=Вестник Карагандинского университета. Серия педагогика=Bulletin of the Karaganda university. Pedagogy series. -2025. №2. 189-199 б. | ru_RU |
| dc.identifier.uri | https://rep.buketov.edu.kz//handle/data/20742 | |
| dc.language.iso | other | ru_RU |
| dc.publisher | Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті | ru_RU |
| dc.relation.ispartofseries | Қарағанды университетінің педагогика сериясы=Вестник Карагандинского университета. Серия педагогика=Bulletin of the Karaganda university. Pedagogy series.;№2(118)/2025 | |
| dc.subject | ұлттық құндылық | ru_RU |
| dc.subject | виртуалды технология | ru_RU |
| dc.subject | мұражай | ru_RU |
| dc.subject | өнер | ru_RU |
| dc.subject | ұлттық сана | ru_RU |
| dc.subject | тарих | ru_RU |
| dc.subject | мәдениет | ru_RU |
| dc.title | Виртуалды мұражай әдісі арқылы білім алушылардың ұлттық құндылықтарын қалыптастырудың жолдары | ru_RU |
| dc.title.alternative | Способы формирования национальных ценностей обучающихся методом виртуального музея | ru_RU |
| dc.title.alternative | Ways to form students’ national values using the virtual museum method | ru_RU |
| dc.type | Article | ru_RU |