Жоғары білім беру саласындағы оқытушылық қызметтің кейбір мәселелері
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада жоғары білім беру жүйесіндегі экономикалық құрылымы мен әлеуметтік-экономикалық қа-
тынастары сипатындағы өзгерістер қарастырылған. Қабылданған білім беру басымдықтары, білім бе-
рудегі нарықтық қатынастар, ғылыми-зерттеу жұмысы мен оқу үрдісінің өзара қарым-қатынасы тал-
данып, жоғары оқу орны оқытушысының жұмыс уақытын жоспарлау мәселелеріне ерекше назар ау-
дарылған. Оқыту сапасына, технологиялық инновациялар, жоғары білім беру жүйесіндегі ғылыми
және білім беру жетістіктері мәселелеріне қойылатын талаптар зерттелген. Жаңашылдық, зияткерлік
мәдениет және шығармашылық түріндегі даму деңгейлері арқылы оқу үрдісінде қолданылатын оқы-
тушының педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының өзара байланысы қарастырылды. Соны-
мен қатар, оқытушының ғылыми жетістіктерін өз қызметін ұйымдастыруда әдістемелік құрал ретінде
пайдалану мүмкіндігі туралы сөз етіледі. Студенттерді оқыту үрдісінде ғылыми әдістерге негізделген
логикалық ойлау, талдау, қорытынды, мәліметтер жинау сияқты ғылыми үрдістерді тиімді пайдалану
тиіс. Оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, шет
елдердің жоғары оқу орындарындағы инновациялық жетістіктер туралы талданды. Университеттің
ұйымдастырушылық жұмысының оқытушының ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметінің ти-
імділігі мен нәтижелігіне әсері туралы ой қозғалды. Сауалнама негізінде университет оқытушысының
ғылыми-педагогикалық қызметіндегі шет тілінің маңызы мен рөлі анықталады. Жүргізілген сауалнама
оқу жүктемесінің диспропорциясының күрделі өзара байланыстылығын анықтады. Бұл өз кезегінде
оқытушыға өзінің ғылыми мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтіндігі туралы ай-
тылды. Мақала авторлары университет оқытушысының ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру үшін уни-
верситетте оқытушының қызметін ұйымдастырудың жаңа тәсілдері қажет деген қорытындыға келген.
Description
Citation
Садыров Ғ.А. Жоғары білім беру саласындағы оқытушылық қызметтің кейбір мәселелері/Ғ.А. Садыров [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2021. №3. 59-69 б.