Атмосфералық жауын-шашын минерализациясының Қазақстан территориясы бойынша бақыланған өзгерісі
| dc.contributor.author | Құрманова, М.С. | |
| dc.contributor.author | Мадибеков, А.С. | |
| dc.date.accessioned | 2022-06-08T05:20:44Z | |
| dc.date.available | 2022-06-08T05:20:44Z | |
| dc.date.issued | 2022 | |
| dc.description.abstract | Мақалада Қазақстан Республикасының территориясында атмосфералық жауын-шашын минерализациясын зерттеудің негізгі нəтижелері келтірілген. Бірқатар көлдер аймағында жауын-шашын минерализациясының күрт төмендеуі мен жоғарылау тенденциясы бар екендігі анықталды. Жауын-шашын минерализациясының статистикалық маңызды өсу тренді Шалқар көлі (Ақтөбе облысы), Марқакөл көлі маңындарында бақыланса, төмендеу тренді Балқаш (батыс бөлігі), Билікөл, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты жəне Бурабай көлдері аумағында анықталды. Жауын-шашын жер үсті жəне жер асты суларының пайда болуының негізгі факторы болып табылады. Қазақстан территориясының аумағының үлкендігіне, орографиялық жəне климаттық жағдайына байланысты территория аумағында жауын-шашынның əркелкі таралуы бақыланады. Еліміздің едəуір бөлігі, таулы аймақтарды қоспағанда, атмосфералық жауын-шашынның тапшылығын сезінуде. Геохимия ғылымында атмосфералық жауын-шашын химиялық құрамын зерттеу атмосфера–жер беті–теңіз арасындағы тұздық алмасуды сипаттайды. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) бағдарламасы бойынша жауын–шашын сынамасынан: аниондар — сульфаттар, хлоридтер, нитраттар; катиондар — аммоний, натрий, калий, кальций, магний; ауыр металдар — қорғасын, мыс, кадмий, мышьяк, қышқылдық жəне үлесті электрөткізгіштік анықталады. Атмосфералық жауын-шашын химиялық құрамындағы əртүрлі қоспаларды білу агрохимиктер, гидрохимиктер, гидрогеологтар мен геохимиктер үшін табиғи жəне жер үсті суларын, топырақтың беткі қабатын зерттеу, алдын алу шараларын жүргізу үшін, сондай–ақ, санитарлық-гигиеналық мақсаттарға, өндірістік аудандардағы ауа ластану деңгейін анықтау үшінде өте маңызды. | ru_RU |
| dc.identifier.citation | Құрманова М.С. Атмосфералық жауын-шашын минерализациясының Қазақстан территориясы бойынша бақыланған өзгерісі/М.С. Құрманова, А.С. Мадибеков// Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География = Bulletin of the Karaganda University. Biology. Medicine. Geography Series. - 2022. - №1. - 172-177 бет. | ru_RU |
| dc.identifier.issn | 2663-5003 | |
| dc.identifier.uri | https://rep.buketov.edu.kz//handle/data/13137 | |
| dc.language.iso | other | ru_RU |
| dc.publisher | КарУ баспасы | ru_RU |
| dc.relation.ispartofseries | Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География = Bulletin of the Karaganda University. Biology. Medicine. Geography Series. ;№1(105)/2022; | |
| dc.subject | атмосфералық жауын шашын | ru_RU |
| dc.subject | ион суммасы | ru_RU |
| dc.subject | тренд | ru_RU |
| dc.subject | көл | ru_RU |
| dc.subject | сынама | ru_RU |
| dc.subject | статистикалық маңыздылық | ru_RU |
| dc.subject | гидрохимия | ru_RU |
| dc.subject | гидрология | ru_RU |
| dc.title | Атмосфералық жауын-шашын минерализациясының Қазақстан территориясы бойынша бақыланған өзгерісі | ru_RU |
| dc.title.alternative | Наблюдаемые изменения минерализации атмосферных осадков на территории Казахстана | ru_RU |
| dc.title.alternative | Observed changes in mineralization of atmospheric precipitation in the territory of Kazakhstan | ru_RU |
| dc.type | Article | ru_RU |