Атмосфералық жауын-шашын минерализациясының Қазақстан территориясы бойынша бақыланған өзгерісі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
КарУ баспасы
Abstract
Мақалада Қазақстан Республикасының территориясында атмосфералық жауын-шашын минерализациясын зерттеудің негізгі нəтижелері келтірілген. Бірқатар көлдер аймағында жауын-шашын минерализациясының күрт төмендеуі мен жоғарылау тенденциясы бар екендігі анықталды. Жауын-шашын минерализациясының статистикалық маңызды өсу тренді Шалқар көлі (Ақтөбе облысы), Марқакөл көлі маңындарында бақыланса, төмендеу тренді Балқаш (батыс бөлігі), Билікөл,
Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты жəне Бурабай көлдері аумағында анықталды. Жауын-шашын жер үсті жəне жер асты суларының пайда болуының негізгі факторы болып табылады. Қазақстан территориясының аумағының үлкендігіне, орографиялық жəне климаттық жағдайына байланысты территория аумағында жауын-шашынның əркелкі таралуы бақыланады. Еліміздің едəуір бөлігі, таулы аймақтарды қоспағанда, атмосфералық жауын-шашынның тапшылығын сезінуде. Геохимия ғылымында атмосфералық жауын-шашын химиялық құрамын зерттеу атмосфера–жер беті–теңіз
арасындағы тұздық алмасуды сипаттайды. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) бағдарламасы бойынша жауын–шашын сынамасынан: аниондар — сульфаттар, хлоридтер, нитраттар; катиондар — аммоний, натрий, калий, кальций, магний; ауыр металдар — қорғасын, мыс, кадмий, мышьяк, қышқылдық жəне үлесті электрөткізгіштік анықталады. Атмосфералық жауын-шашын химиялық құрамындағы əртүрлі қоспаларды білу агрохимиктер, гидрохимиктер, гидрогеологтар мен геохимиктер үшін табиғи жəне жер үсті суларын, топырақтың беткі қабатын зерттеу, алдын алу шараларын жүргізу үшін, сондай–ақ, санитарлық-гигиеналық мақсаттарға, өндірістік аудандардағы ауа ластану деңгейін анықтау үшінде өте маңызды.
Description
Citation
Құрманова М.С. Атмосфералық жауын-шашын минерализациясының Қазақстан территориясы бойынша бақыланған өзгерісі/М.С. Құрманова, А.С. Мадибеков// Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География = Bulletin of the Karaganda University. Biology. Medicine. Geography Series. - 2022. - №1. - 172-177 бет.