Инклюзивті білім беру жағдайында информатиканы оқытудың интерактивті әдістері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Бүгінгі таңда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға информатика пәнін оқытуда жаңа педаго- гикалық әдістер мен тәсілдер, оқытудың интерактивті әдістері мен құралдарын енгізу қажеттілігі практика жүзінде айқын сезіледі. Соның өзінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде интерактивті әдістерді қолдануды жүзеге асыру сирек кездеседі. Жалпы және әлеуметтік педагогиканың тығыз байланысы интерактивті әдістерді қолдану ерекшеліктері мен қолдану қажеттілігін меңгеруді барлық пән мұғалімдерінің алдында тұрған үлкен мақсат деп біледі. Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға информатика пәнін оқытуда практика жүзінде интерактивті әдістердің қандай деңгейде қолданыла- тындығын анықтау нәтижесінде алынған сипаттамалар келтірілген. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептерде пән мұғалімдері оқыту процесіне интерактивті оқыту әдіс-тәсілдері мен құралдарын енгізу қажеттігі бүгінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда интерактивті әдістер мен құралдар кеңінен қолданылатын болса, білімді қабылдау салыстырмалы түрде жеңіл түрде жүзеге асады. Автор ин- клюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға информатика пәнін оқытуда интерактивті әдістерді қолдануды жүзеге асыру нәтижелерін сипаттаған.

Description

Citation

Маханова А.С. Инклюзивті білім беру жағдайында информатиканы оқытудың интерактивті әдістері/А.С. Маханова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2021. №3. 76-82 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By