Цифрлық оқу контенттері негізінде бастауыш сынып оқушыларының шетел тілдік коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы

Abstract

Авторлар білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау және бастауыш сынып оқушыларына шетел тілін үйрету үшін сапалы цифрлық контент құру мәселелерін зерттеген. COVID-19 пандемиясы кезеңінде білім беруді цифрлық трансформациялау және қашықтықтан оқыту нысанына мәжбүрлі көшу контексінде осы зерттеудің авторлары цифрлық оқу мазмұны оқушыларды ҚР-да ағылшын тілін оқы- тудың тиімді құралы болып табылатынын ғылыми-әдістемелік негіздеді. Авторлардың әзірлеген оқу кешенінің негізгі артықшылығы — ол онлайн форматқа да, офлайн оқыту форматына да бейімделген. Жүргізілген талдау қазақстандық оқушылардың жас, психологиялық, сондай-ақ рухани-адамгершілік ерекшеліктері мен мәдени құндылықтарын ескеретін цифрлық білім беру контентінің сандық және са- палық жеткіліксіздігін көрсетеді. Зерттеудің жаңалығы — ғылыми-теориялық тұрғыдан ҚР-да білім бе- рудің цифрлық трансформациясы жағдайында цифрлық оқу контенттерін құру қажеттілігі негізделген. Зерттеудің мақсаты ― бастауыш сынып оқушыларының цифрлық және шет тілдік коммуникативтік құзыреттілігін, баланың эмоционалды-құндылық даму деңгейін қалыптастыру, сондай-ақ ағылшын тілі бойынша әзірленген оқу кешенінің тиімділігін анықтау болып табылады. Зерттеу психологиялық-педа- гогикалық эксперимент әдісімен жүргізілді, бастауыш сынып оқушыларын тестілеу, педагогикалық бақылау, сондай-ақ зерттеушінің ағылшын тілін тікелей оқытуы нәтижесінде алынған эмпирикалық ма- териал талданып, жинақталды.

Description

Citation

Каримова Г.С. Цифрлық оқу контенттері негізінде бастауыш сынып оқушыларының шетел тілдік коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру/Г.С. Каримова, П.З. Ишанов, А.Ж. Анесова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy Series. -2023. №2. 165-176 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By