Туризм индустриясы саласында ҚР инновациялық қызметін дамыту
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақсаты: Қазіргі таңда Қазақстан үшін туризм саласын дамыту өзекті мәселелердің бірі. Туризм әлемдік экономикада басты рөл атқарады. Бүкіл әлемдік туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімінің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-дан астамын, әлемдік өндірістің әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Жеткілікті қаржыландырудың болмауы туризм субъектілерінің тиімді дамуына мүмкіндік бермейді, инвестициялық және инновациялық қызметті жүзеге асыру мүмкіндігінің жоқтығынан көрінеді: негізгі қорларды жаңарту, бизнес көлемін, жаңа технологияларды кеңейту. Мақала
Қазақстан Республикасының туризм саласындағы инновацияларды дамыту мәселелеріне арналған, ол әлемде елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етудің пәрменді тетігі ретінде танылған, өйткені Қазақстан бюджеті кірістерінің негізгі бөлігі бизнес пен азаматтардың салықтық түсімдері болып табылады: дәл солардың есебінен мемлекеттің шығыстары қаржыландырылады. Қазіргі заманғы үрдістер мен түрлі секторлардағы макроэкономикалық жағдайды ескере отырып, стратегиялық басқару процестері мен тетіктерін жетілдіру қажет.
Қазақстан өзін шетелдік инвестициялар үшін тартымды бағыт ретінде көрсете және стратегиялық жоспарлауды қолдана отырып, жаңа жаһандық сын-қатерлер мен қауіптерді ойдағыдай еңсере алады. Туризм сыртқы экономикалық қызмет нысаны ретінде өңірлік дамудың орнықтылығын бағалаудың, даму, басқару процестеріне әсер ететін көрсеткіштер жүйесін қалыптастырудың және қойылған мақсаттарға қол жеткізудің маңыздылығын
айқындайды, ол үшін нәтижелерге қол жеткізуге әсер ететін факторларды басқару және жүйелеу құралдары қажет етіледі. Халықтың мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруды жоғарлатумен (атаулы ақшалай табысты арттыру арқылы тіршілікті қамтамасыз етуге үлес қосу), сондай-ақ бизнес-бірліктердің инновациялық нысандарын дамыту үшін жағдай жасаумен байланысты бірқатар проблемаларды шешу мүмкіндігі үшін Қазақстанның туризм саласындағы инновациялық қызметті талдауға негізделінеді. Зерттеу нысаны туризм индустриясының
инновациялық қызметі болып табылады.
Әдісі: Зерттеу сандық технологиялардың компоненттері мен функцияларын логикалық тұрғыда
сипаттауға және олардың маңызды ерекшеліктерін ұсынуға негізделген және экономикалық ғылымдарда қолданылатын жалпы әдістерді қолдана отырып, ғылыми мәселелерді зерттеудің қажетті тереңдігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Зерттеу көздері инновациялық даму мәселелері бойынша теориялық және аналитикалық мақалалар, қазақстандық және шетелдік авторлардың еңбектері.
Қорытынды: Қазақстан Республикасының статистикалық деректерін пайдалана отырып, туристік сектордың қызметтерін пайдаланатын адамдар санының ұлғаюын, сондай-ақ мүмкіндіктердің ұлғаюын куәландыратын 2022-2024 жылдар кезеңіне арналған «Халықтың номиналды ақшалай табысы, теңге» көрсеткішінің күтілетін мәндерін алу үшін трендтік модель әзірленді. Осыған байланысты туристік дестинациялар жақсы болашақты құру үшін тұрақты даму тұрғысынан бәсекеге қабілетті және икемді болып қалуы тиіс. Бұл туризм экономикалық өсудің қозғаушы күші ғана емес, сонымен бірге экономикалық өндірістің өзі туристік сектордың өсу әлеуетінде маңызды рөл атқара алатындығын білдіреді.
Тұжырымдама: Инновациялар жаһандық экономикалық өсудің аса маңызды факторына айналуда және елдің экономикалық дамуын жеделдетуде сөзсіз шешуші рөл атқарады.
Description
Citation
Туризм индустриясы саласында ҚР инновациялық қызметін дамыту/Омарова А.Т. [т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Экономика» сериясы.-2022.- № 2(106). – б.263-275.