Қазақстан Республикасының туристік кәсіпорындарында экскурсиялық қызметтің ұйымдастырылуын «Казтрип» туристік фирмасы негізінде талдау

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

КарУ баспасы

Abstract

Мақсаты: Елімізді шет елге таныстыру мақсатында түрлі экскурсиялық маршруттар әзірлену керек. Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық қызметтердің қызмет көрсету аясын, сапасын және жағдайын талдай отырып, оның даму болашағын анықтау. Әдіcі: Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерге теориялық шолу. Қорытынды: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан туризмі туралы статистикалық жинағына және Нұр–Сұлтан қаласындағы «Казтрип» ЖШС туристік фирмасы негізінде талдау жасалып, экскурсиялық қызметтің ұйымдастырылуына тұтынушылардың ой–пікірін білу мақсатында сауалнама жүргізілген, нәтижесі сараланған. Тұжырымдама: Сауалнама негізінде Нұр–Сұлтан қаласында экскурсиялық маршрут ұйымдастырылған. Маршруттың ерекшелігі ретінде «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады »тақырыптық экскурсия; Елорданың экскурсиялық қызмет нарығындағы инновациялық өнім көлік құралы ретінде «Segway» қолданылды; оның қол жетімділігі; кеткен шығын тез қайтарылады; ерекшелігі – барлық адамдарға арналған. Мақалада қаржылай есептеме жасалған, яғни, оның тиімділігі есептелді. Алынған нәтижелер эксурсиялық қызметтің ұйымдастыруын дамытудың өңірлік бағдарламасын негіздеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Description

Citation

Жакупов А.А. Қазақстан Республикасының туристік кәсіпорындарында экскурсиялық қызметтің ұйымдастырылуын «Казтрип» туристік фирмасы негізінде талдау/А.А. Жакупов, А.Т. Тлеубаева, Ж.А.Садыков//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика = Bulletin of the Karaganda University. Economy series. - 2022. - №1. - 217-227 бет.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By