Интерактивті мультимедиялық технологиялар бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды интеллектісін дамытудың құралы ретінде
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Қазіргі білім беру жүйесінде интеллектуалды процестерге негізделген эмоцияларды басқара алатын,
өзінің және өзгенің эмоцияларын реттей алатын, эмоционалды тұрғыда саналы шешім қабылдауға
мүмкіндігі бар білім алушыны дамытуды міндеттейді. Олай болса, біздің қарастырып отырған
тақырыбымыз өзекті зерттеулердің бірі. Зерттеу барысында ҚР «Білім туралы» Заңы, білім мен
ғылымды дамытуға бағытталған тұжырымдама талданып, «эмоционалды интеллект» пен
«мультимедиялық технологиялар» ұғымдарының өзара байланысы мен бір-біріне әсері зерттелді.
Зерттеудің басты мақсаты — интерактивті мультимедиялық технологияларды бастауыш сынып
оқушыларының эмоционалды интеллектісін дамытудың құралы ретінде қарастыру. Тәжірибелік-
экспериментке Ы. Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушыларының
ішінен «В» сыныбы — бақылау сыныбы (25 оқушы), «Г» сыныбы — тәжірибелік сынып (26 оқушы)
ретінде іріктеліп алынды. Зерттеу жұмыстары анықтау, қалыптастыру, бақылау кезеңдері арқылы іске
асырылды. Анықтау кезеңінде — бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды интеллектісін
айқындау мақсатында М.А. Нгуеннің «Не? Неге? Қалай?» атты диагностикалық әдістемесі
қолданылды. Қалыптастыру кезеңі — 2023–2024 оқу жылының қазан айынан бастап желтоқсан айы
аралығында жүргізілді. Бұл кезеңде бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды интеллектісін
дамытуда интерактивті Learningapps.org мультимедиялық бағдарламасы қолданылды. Learningapps.
org бағдарламасы арқылы «Жануарлардың қыстауы», «Эмпатия. Эмоция», «Интеллектуалды
эмоция», «Мақал-мәтелдердің мағынасын тап» сияқты тапсырмалар ұсынылды. Бақылау кезеңінде —
қалыптастыру кезеңінде ұсынылған тапсырмалардың тиімділігі дәлелденді. Бұл интерактивті
Learningapps.org мультимедиялық технологиялар эмоционалды интеллектінің қабылдауына, түсінуіне
және басқаруына қалай әсер ететінін анықтауға мүмкіндік беріп, ақыл-ой қабілеттерін дамытады.
Description
Keywords
Citation
Жораева Г.Б. Интерактивті мультимедиялық технологиялар бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды интеллектісін дамытудың құралы ретінде/Г.Б. Жораева, Г.И. Уайсова, А.Н. Жорабекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2024. №2. 174-181 б.