Қазақ жəне тува тілдеріне ортақ лексиканың фонетикалық жəне семантикалық ерекшеліктері
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Қазіргі түркі тілдерінің жалпы салыстырмалы грамматикасы зерттелгенмен, алыс немесе жақын
туыстықтағы түркі тілдері өзара нақты грамматикалық аспектіде салыстыра қарастырылмай келеді.
Сондықтан да алыс туыстықтағы қазақ жəне тува тілдерінің ортақ лексикасын фонетикасы мен
семантикасын салыстырудың өзектілігі бар деп білеміз. Зерттеу материалы ретінде ортақ лексиканы
алудың басты себебі — ортақ лексика ғана тілдердің туыстығының басты көрсеткіші. Ал ортақ
лексиканың дыбыстық құрамының ұқсастығы мен айырмашылығын білу тілдердің туыстық деңгейін
анықтаудың формалық, семантикалық ұқсастығы мен айырмашылығын білу мазмұндық көрсеткіші
болып саналады. Нəтижесінде нақты қыпшақ-ноғай шағын тобындағы қазақ, ұйғыр тукю шағын
тобындағы тува тілдерінің материалында дыбыстық жəне мағыналық ұқсастықтары арқылы олардың
туыстығын, ерекшеліктері арқылы дербес тіл екендігі дəлелденді. Қазақ жəне тува тілдерінің ортақ
лексикасын дыбыстық жəне мағыналық аспектілерде талдау арқылы туыстық деңгейі нақты
фактілермен айқындалды.
Description
Citation
Қазақ жəне тува тілдеріне ортақ лексиканың фонетикалық жəне семантикалық ерекшеліктері/ Ш.Ш. Жалмаханов, Т.З. Жүсіпбек, А.Е. Жартыбаев, З.С. Советова//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Филология» сериясы.-2023.- № 3(111). – 42-50 б.