Қазақ жəне тува тілдеріне ортақ лексиканың фонетикалық жəне семантикалық ерекшеліктері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Қазіргі түркі тілдерінің жалпы салыстырмалы грамматикасы зерттелгенмен, алыс немесе жақын туыстықтағы түркі тілдері өзара нақты грамматикалық аспектіде салыстыра қарастырылмай келеді. Сондықтан да алыс туыстықтағы қазақ жəне тува тілдерінің ортақ лексикасын фонетикасы мен семантикасын салыстырудың өзектілігі бар деп білеміз. Зерттеу материалы ретінде ортақ лексиканы алудың басты себебі — ортақ лексика ғана тілдердің туыстығының басты көрсеткіші. Ал ортақ лексиканың дыбыстық құрамының ұқсастығы мен айырмашылығын білу тілдердің туыстық деңгейін анықтаудың формалық, семантикалық ұқсастығы мен айырмашылығын білу мазмұндық көрсеткіші болып саналады. Нəтижесінде нақты қыпшақ-ноғай шағын тобындағы қазақ, ұйғыр тукю шағын тобындағы тува тілдерінің материалында дыбыстық жəне мағыналық ұқсастықтары арқылы олардың туыстығын, ерекшеліктері арқылы дербес тіл екендігі дəлелденді. Қазақ жəне тува тілдерінің ортақ лексикасын дыбыстық жəне мағыналық аспектілерде талдау арқылы туыстық деңгейі нақты фактілермен айқындалды.

Description

Citation

Қазақ жəне тува тілдеріне ортақ лексиканың фонетикалық жəне семантикалық ерекшеліктері/ Ш.Ш. Жалмаханов, Т.З. Жүсіпбек, А.Е. Жартыбаев, З.С. Советова//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Филология» сериясы.-2023.- № 3(111). – 42-50 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By