Биология пәні бойынша оқу үдерісінде TopIQ платформасындағы электронды оқулықтардың тиімділігі
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада гимназияда биологияны оқу кезінде электрондық білім беру ресурстарын пайдаланудың
тиімділігі және биология сабақтарында ТopIQ электрондық платформасының негізгі
артықшылықтары қарастырылған. Сонымен қатар, аталмыш платформа негізінде биология
оқулығының авторлары Г.Т. Қартбаева, К.С. Балапанова және Қ.Қ. Тұмарбаеваның 7-сынып
оқушылары үшін әзірленген интерактивті тапсырмалар мен оқыту әдістемесіне талдау жасалып, зер-
ттеу жұмысы құрылды. Қазіргі дамып жатқан цифрлық ортада биология пәнін жетік меңгеру үшін
электронды оқулықтардың тиімділігі, жеңілділігі және оқыту барысындағы нәтижелігі дәлелденген.
ТopIQ электронды оқулықтың артықшылығы — берілген ақпаратты жеңіл қабылдау мен үлестірмелі
материалдардың жоғарғы деңгейде берілуінде. Бұл оқушыларды биология пәнін оқуға деген ынтала-
рын көтеріп қана қоймай, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Автор цифрлық оқулықтардың
білім беру процесіне әсерін бағалап, сондай-ақ ықтимал қиындықтар мен оларды шешу жолдарын
анықтау үшін сауалнамалар, сынақтар және бақылаулар жүргізді. Білім алушылардың көбісі ТopIQ
платформаны пайдаланудың қарапайымдылығын оң бағалады және өздігінен білім алу дағдыларының
жақсарғанын ерекше көрсетті.
Description
Citation
Балапанова К.С. Биология пәні бойынша оқу үдерісінде TopIQ платформасындағы электронды оқулықтардың тиімділігі/К.С. Балапанова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2025. №3. 71-81 б.