Фәлсафа — мұсылман мәдениетінің туындысы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы

Abstract

Мақалада негізінен фәлсафа тарихы баяндалған, сондай-ақ менталитетті мұсылмандық дүниетанымды баяндауға арналған. Өз тарихында фәлсафа — IX-XVI ғғ. аралығын қамтиды. Бұл араб түбегінде бас- тауын алып, Батыс Еуропа мәдениетіне елеулі әсер еткен айрықша ілім. Асылында, фәлсафаның мақ- саты Платон, Аристотель еңбектерін қайта түлету болса, осы міндет мұсылмандық дүниетаным желі- сімен атқарылып, араб тілі арқылы амалға асты. «Фәлсафа» төңірегінде топталған дау мен мәселелер қазір де азаяр емес. Фәлсафа тек антиктік ғылымды араб тілінде аударған тәржімашы қызметтегі ғы- лым деп санаға еніп жатыр. Олай айту әсте мүмкін емес. Ортағасырдағы ислам файласуфтарының ан- тикалық жаратылыстанулық ғылымдарды мирас етіп, мұсылмандық дүниетаным тұрғысынан наси- хаттауы сөз болды. Негізгі мәселе ретінде мақалада фәлсафа мен философияның сенім мен таным тұр- ғысынан және мазмұндық жағынан ерекшелігін айқындау жазылды. Сонымен қатар, фәлсафадағы бі- лім мен діннің табиғи ортақтығын бағалау сондай-ақ, діннің білімсіз қатерлігін, дінсіз білімнің де не- гізсіз болатындығын саралау. Авторлар мақалада фәлсафа ұғымын, оның қоғамдық құндылығын арт- тырудың мақсаты мен міндеті тиісінше кеңінен талқылаған. Кенде қалған фәлсафаға қазір ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан қолдау аса қажет. Сондай-ақ фәлсафа мен философиядағы дін мәселесі тақырыптың негізгі арқауы. Осыған орай Батыс Еуропа философтары мен мұсылман файласуфтары- ның дін туралы түсінігі басты назарға алынған.

Description

Citation

Дүйсен Н.Б. Фәлсафа — мұсылман мәдениетінің туындысы/Н.Б. Дүйсен [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №1. 250- 256 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By