Фәлсафа — мұсылман мәдениетінің туындысы
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы
Abstract
Мақалада негізінен фәлсафа тарихы баяндалған, сондай-ақ менталитетті мұсылмандық дүниетанымды
баяндауға арналған. Өз тарихында фәлсафа — IX-XVI ғғ. аралығын қамтиды. Бұл араб түбегінде бас-
тауын алып, Батыс Еуропа мәдениетіне елеулі әсер еткен айрықша ілім. Асылында, фәлсафаның мақ-
саты Платон, Аристотель еңбектерін қайта түлету болса, осы міндет мұсылмандық дүниетаным желі-
сімен атқарылып, араб тілі арқылы амалға асты. «Фәлсафа» төңірегінде топталған дау мен мәселелер
қазір де азаяр емес. Фәлсафа тек антиктік ғылымды араб тілінде аударған тәржімашы қызметтегі ғы-
лым деп санаға еніп жатыр. Олай айту әсте мүмкін емес. Ортағасырдағы ислам файласуфтарының ан-
тикалық жаратылыстанулық ғылымдарды мирас етіп, мұсылмандық дүниетаным тұрғысынан наси-
хаттауы сөз болды. Негізгі мәселе ретінде мақалада фәлсафа мен философияның сенім мен таным тұр-
ғысынан және мазмұндық жағынан ерекшелігін айқындау жазылды. Сонымен қатар, фәлсафадағы бі-
лім мен діннің табиғи ортақтығын бағалау сондай-ақ, діннің білімсіз қатерлігін, дінсіз білімнің де не-
гізсіз болатындығын саралау. Авторлар мақалада фәлсафа ұғымын, оның қоғамдық құндылығын арт-
тырудың мақсаты мен міндеті тиісінше кеңінен талқылаған. Кенде қалған фәлсафаға қазір ғалымдар
мен зерттеушілер тарапынан қолдау аса қажет. Сондай-ақ фәлсафа мен философиядағы дін мәселесі
тақырыптың негізгі арқауы. Осыған орай Батыс Еуропа философтары мен мұсылман файласуфтары-
ның дін туралы түсінігі басты назарға алынған.
Description
Citation
Дүйсен Н.Б. Фәлсафа — мұсылман мәдениетінің туындысы/Н.Б. Дүйсен [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №1. 250- 256 б.