Қазақ әдебиетін оқытудағы коучинг және менторинг әдістерін қолданудың ғылыми-практикалық ерекшеліктері
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Бұл зерттеу жұмысында орта мектеп оқушыларына қазақ әдебиеті пәнінің оқу мазмұны қамтыған
қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқытуда коучинг және менторинг әдістерін қолданудың
ғылыми-практикалық перспективасы қарастырылған. Әдебиет моральдық құндылықтарды насихаттау
арқылы коучинг, менторинг, психология, тұлғалық даму, бизнес сияқты салалармен байланысады.
Зерттеу бір айлық коучинг және менторинг курсында жасөспірімдердің дайындаған «өмірлік
сценарийлерін» және әдебиеттің жаңа әдістер арқылы оқытудағы мүмкіншілігін анықтау мақсатында
жүргізілген фокус-топ сұхбатын талдауға негізделген. Мақалада қазақ әдебиетін оқытуда
коучинг/менторинг әдістерін енгізу оқушыларды алға қойған мақсаттарына, жетістіктерге жетуге
көмектеседі деген қорытынды жасалған. Әдеби шығармаларды коучинг және менторинг әдістері
арқылы оқыту отандық мектептерде бұрын соңды қолданылмаған. Мақала мұғалімдерге
коучинг/менторинг әдістерін мектеп пәндерін оқытуда қалай қолданысқа енгізудің үлгісін көрсетеді.
Description
Keywords
Citation
Каринов А.К. Қазақ әдебиетін оқытудағы коучинг және менторинг әдістерін қолданудың ғылыми-практикалық ерекшеліктері/А.К. Каринов, Ж.Қ. Смағұлов, Р.Т. Сағадатов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2024. №1. 152-161 б.