Асқын өткізгіш ангармоникалық нанотүйіспелерге сыртқы əлсіз магнит өрісінің əсері туралы
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Қарму басп.
Abstract
Мақалада Феррелл-Прейндж теориясы аясында Джозефсон типті асқын өткізгіш ангармоникалық
нанотүйіспелерге сыртқы əлсіз магнит өрісінің əсері қарастырылған. Ангармоникалық
нанотүйіспелердегі фазалар айырымы x, асқын өткізгіштік ток s I x жəне магнит өрісінің H x
координаталық тəуелділіктері анықталған. Енгізілген ангармонизм параметрі өскенде фазалар
айырымын x сипаттайтын шама жылдам төмендейтіндігі, ал магнит өрісінің нанотүйіспеге ену
тереңдігі кемитіндігі көрсетілген. Қарастырылып отырған нанотүйіспелер асқын өткізгіш
гармоникалық əлсіз байланыстармен салыстырғанда сыртқы əлсіз магнит өрісімен баяу (пассивті)
əсер ететіндігі көрсетілген.
Description
Citation
Сергеев Д.М. Асқын өткізгіш ангармоникалық нанотүйіспелерге сыртқы əлсіз магнит өрісінің əсері туралы /Д.М.Сергеев, А.Ə.Қыдырмағанбетова, Қ.Ш.Шүңкеев //Қарағанды универисетінің хабаршысы. ФИЗИКА Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия ФИЗИКА.=Bulletin of the Karaganda University. PHYSICS Series.-2015.-№1.-Р.31-36