Қазақ жазуын латын графикасына ауыстыру мəселелері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
KSU Publ.
Abstract
Мақалада латын графикасы негізіндегі жаңа əліпбиге көшіруге байланысты түркі тілдес халықтар
тəжірибесіне қатысты пікірлерге талдау жасалып, латын графикасына негізделген жаңа əліпби
жобалары қарастырылды. Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ əліпбиінің ғалымдар,
тілтанушылар, журналистер жəне жалпы қоғам мүшелерінің талқылауға ұсынылған жобалары беріліп,
əліпби нұсқаларындағы кейбір таңбалардың қолданылу ерекшеліктері қарастырылды. Жаңа əліпбиге
көшу барысында болатын қазақ фонетикасының өзіне тəн заңдылықтарындағы ұтымды тұстары
ғалымдар пікірлері арқылы дəлелденген. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне байланысты
емледе қиындық туғызатын мəселелерге қатысты ұсыныстар жасалды.
Description
Citation
Тұрсынова М.А. Қазақ жазуын латын графикасына ауыстыру мəселелері/М.А. Тұрсынова//Қарағанды универисетінің хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия ФИЛОЛОГИЯ.=Bulletin of the Karaganda University. PHILOLOGY Series.-2018. №1.Б.8-14.