Mетаболизмдік синдромы бар пациенттерде сарысу нейроспецификалық маркерлердің концентрациясының өзгеруі
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
KSU Publ.
Abstract
Метаболизмдік синдром науқастың метаболизмдік жəне физиологиялық мəртебесін өзгертетін
кешендік жағдай болып табылады. Мұндай патология кезінде келесі өзгерістер байқалады:
гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, артериялық гипертензия, гипергликемия жəне
инсулинорезистенттілік. Бұл өзгерістердің пайда болуын абдоминалды май басу қоздырады.
Метаболизмдік синдром: жүректің ишемиялық аурулары, атеросклероз, ми қан айналмының жіті
бұзылыстары, сонымен қатар ишемиялық инсульт сияқты жүрек-қантамыр ауруларын дамытушы
қауіптілік факторы болып саналады. Ми қанайналымының жіті бұзылысы ғаламдық медициналық
жəне əлеуметтік мəселе болып табылады, себебі көп жағдайда науқастарды өлімге жəне салдануға
алып келеді. Ми қан айналымының жіті бұзылыстарының ішінде ишемиялық инсульт 80 пайызды
құрайды. Медицина мен медициналық-биологиялық ғылымдардың маңызды міндеті болып емдеудің
жаңа əдістері, ишемиялық инсульттерді алдын алу жəне ерте диагностикалау болып табылады.
Мақала авторларымен нейроспецификалық маркерлердің концентрациясының өзгерісі туралы
мəліметтер алынды: нейронспецификалық енолазаның, глиальді фибриллярлы қышқыл протеиннің
жəне метаболизмдік синдромы бар науқастарда матриксті металлопротеиназаның. Зерттеу нəтижелері
метаболизмдік синдромы бар науқастарда бас ми нейрондарының симптомсыз зақымдалу болуын
болжауға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат нейроналды дисфункциялардың жəне ишемиялық түр
бойынша ми қанайналымының жіті бұзылысы дамуы предикторының ерте маркері ретінде қолданыла
алады.
Description
Citation
Кадырова И.А. Mетаболизмдік синдромы бар пациенттерде сарысу нейроспецификалық маркерлердің концентрациясының өзгеруі/И.А. Кадырова, Г.А. Лепесбаева, Г.К. Рыспаева//Қарағанды универисетінің хабаршысы. БИОЛОГИЯ. МЕДИЦИНА. ГЕОГРАФИЯ Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия БИОЛОГИЯ. МЕДИЦИНА. ГЕОГРАФИЯ.=Bulletin of the Karaganda University. BIOLOGY. MEDICINE. GEOGRAPHY Series.-2018.№1.Б.73-81.