Органикалық қосылыстардың синтезіндегі үрдіс жағдайларын модельдеу жəне мұндағы полимерлі комплекстердің əрекеті
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
KSU Publ.
Abstract
Мақалада қоршаған қанықпаған полиэфирлі шайырлар мен қанықпаған карбон қышқылдары
негізіндегі гидрогельдердің құрамдық мəліметтері жəне құрылымы электронды-расторлық микроскоп
арқылы зерттеліп, оның торлы құрылымды жəне металл бөлшектерін орнықтыруда «нанореактор»
болатыны дəлелденген. Орта факторларының, атап айтқанда, температура мен ортаның рН мəні жəне
еріткіштердің полиэтилен-(пропилен)гликольмалеинат негізіндегі жаңа металл-полимерлі
комплекстерге əсері жан-жақты қарастырылды. Жүргізілген тəжірибелер металл-полимерлі
комплекстердің ісіну дəрежесіне температураның əсері мардымсыз екенін көрсетті. Аталған
комплекстердің сілтілік ортада ісіну дəрежесінің жоғары мəнге ие болып, еріткіштердің полярлығы
жоғарлаған сайын ісіну дəрежесі де артатындығы байқалды. Сілтілік ортада металл-полимерлі
комплекстердің ісіну дəрежесінің өскені электркаталитикалық гидрлеу үрдісінде оңтайлы əсер етеді,
себебі комплекстің ісіну қабілетінің жоғарлауымен субстраттың катализаторға қолжетімділігі де
өседі. Диэлектрлік өтімділік пен полимерлердің ісіну дəрежелері арасында, нақтырақ айтқанда, орта
полярлы ерітінділерден пиридинге қарай корреляция байқалады. Алайда ісіну дəрежесінің
төмендеуінің байқалмайтындығы көрінді.
Description
Citation
Органикалық қосылыстардың синтезіндегі үрдіс жағдайларын модельдеу жəне мұндағы полимерлі комплекстердің əрекеті/М.Ж. Бүркеев[et al]//Қарағанды универисетінің хабаршысы. ХИМИЯ Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия ХИМИЯ.=Bulletin of the Karaganda University. CHEMISTRY Series.-2017. №3.Б.50-55.