Шетелдегі қазақ əдебиетінің даму барысы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
KSU Publ.
Abstract
Мақалада бүгінде қазақ сөз өнерінің асыл арнасын құрап отырған шетел қазақ əдебиетінің даму
барысы мен зерттелу үрдісі қарастырылды. Атамекеннен тыс жерлерде ғұмыр кешіп жатқан
қандастардың əдеби-мəдени жетістіктерінің ерекшеліктері мен көріністеріне сипат берілді. Қазақ
əдебиеті игілігіне жұмыс атқарушы қайраткерлердің бірқатар еңбектері басшылыққа алынды.
Қытайдағы қазақ əдебиетінің көркемдік-эстетикалық даму бағытын, тақырыптық-идеялық өзегін
екшеген ғылыми еңбектер талданды. Соның ішінде мақалада Ақыт Үлімжіұлы, Таңжарық Жолдыұлы
сияқты ұлт игілігі үшін ғұмыр кешіп, əдебиетімізде өшпес із қалдырған ақындардың шығармалары
талданып, алты томдық «Қылмыс» романын жазған Қытайдағы қазақ əдебиетінің негізін
салушылардың бірі — Қажығұмар Шабданұлының шығармашылығы мен өмірінің кейбір тұстары
жайлы айтылды. Қазіргі қазақ əдебиетінің көркемдік өркендеуіне айрықша үлес қосып отырған
шетелдегі қазақ əдебиетінің өзіндік сипаты екшеленді.
Description
Citation
Такиров С.У. Шетелдегі қазақ əдебиетінің даму барысы/С.У. Такиров, Ж.Ш. Жумагелдин//Қарағанды универисетінің хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия ФИЛОЛОГИЯ.=Bulletin of the Karaganda University. PHILOLOGY Series.-2017. №3.Б.62-67.