«Органикалық химия» пəні бойынша СӨЖ тапсырмаларын даярлауда таксономиялық тəсілдемені пайдалану
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
KSU Publ.
Abstract
Мақалада студенттердің максималды өзін-өзі танытуы үшін білімдерді дербес іздеп табуына,
жинақтаған ақпараттарды талдап жəне тиімді қолдануына қажет іскерліктерді қалыптастыратын,
студенттердің тиімді зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру мəселесі қарастырылған. «Органикалық
химия» пəні бойынша СӨЖ тапсырмаларын даярлауда таксономиялық тəсілдемені пайдалану ақиқат
шындықтың талаптарына сəйкес кəсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Блум
таксономиясына сүйене отырып, экспресс-сұрауларға қолайлы əр түрлі деңгейлердегі тапсырмалар
қоса берілген. Зертханалық сабақтарды жүргізуде де таксономиялық тəсілдеме қолданылғаны
көрсетілген. Химия факультетінің студенттері үшін ғылыми-зерттеу жобасы өңделген. Жобалық
əдістер ұжымда жұмыс жасау жəне оның нəтижелерін талдау сияқты құзыреттерді қалыптастырады.
Description
Citation
Кенжетаева С.О. «Органикалық химия» пəні бойынша СӨЖ тапсырмаларын даярлауда таксономиялық тəсілдемені пайдалану/С.О. Кенжетаева//Қарағанды универисетінің хабаршысы. ХИМИЯ Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия ХИМИЯ.=Bulletin of the Karaganda University. CHEMISTRY Series.-2017.№2. Б.105-110.