Висмуттың еруін тұз қышқылының сулы ерітінділерінде өндірістік айнымалы токпен поляризациялау арқылы зерттеу

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

KSU Publ.

Abstract

Мақалада тұз қышқылының сулы ерітіндісінде өндірістік айнымалы токпен поляризациялау кезіндегі висмуттың электрохимиялық еруі зерттелген. Эксперименттік зерттеулер кезінде электродтар ретінде висмут жəне титан электродтары пайдаланылды. Висмут электродының еруінің ток бойынша шығымына титан жəне висмут электродтарындағы ток тығыздықтары, температура жəне электролит концентрациясының əсері қарастырылған. Висмут электродындағы ток тығыздығының артуымен металдың еруінің тиімді ток шығымы 32,1 %-дан 13,4 %-ға дейін кемитіндігі көрсетілді. Температура жəне электролит концентрациясының жоғарылауымен тиімді ток шығымының артатындығы анықталды. Бұл кездегі тиімді ток тығыздығының шамасы тиісінше 46,5 жəне 54,2 % құрады. Висмут электродының Bi(ІІІ) иондарын түзе еритіндігі көрсетілген. Жүргізілген эксперимент нəтижелері бойынша математикалық өңдеулер жасалынып, электролиз параметрлері мен тиімді ток бойынша шығым арасындағы тəуелділікті сипаттайтын регрессия теңдеуі есептеліп алынды.

Description

Citation

Б.С. Абжалов Висмуттың еруін тұз қышқылының сулы ерітінділерінде өндірістік айнымалы токпен поляризациялау арқылы зерттеу/Б.С. Абжалов, Р.Т. Абдивалиев//Қарағанды универисетінің хабаршысы. ХИМИЯ Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия ХИМИЯ.=Bulletin of the Karaganda University. CHEMISTRY Series.-2017.№2.Б.52-58.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By