Фитонимдік паремиялардың этномәдени семантикасы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Аталмыш мақалада қазақ тіліндегі паремиялар құрамында кездесетін фитонимдер — өсімдік атауларының этнолингвистикалық сипаты мен мәдени-танымдық ерекшеліктері қарастырылған. Фитонимдер — тек өсімдік атаулары ғана емес, олар халықтың салт-дәстүрі, рухани құндылықтары мен мәдени болмысын танытатын маңызды лексикалық топ. Зерттеудің басты мақсаты — мақал- мәтелдер мен тұрақты тіркестер құрамындағы өсімдік атауларының семантикасын, мәдени-танымдық жүктемесін және символдық мәнін анықтау. Фитонимдер арқылы жасалған мақал-мәтелдердің құрылымдық, семантикалық және прагматикалық жүйесі зерделеніп, олардың халықтың дүниетанымы мен рухани-мәдени болмысындағы орны айқындалды. Мақалада жусан, қамыс, шеңгел, жалбыз, арша сияқты фитонимдердің символдық мәні, ұлттық санадағы аксиологиялық жүктемесі мен дүниетанымдық қызметі кеңінен талданды. Жусан — туған жер мен ел рухының киелі нышаны ретінде, қамыс — икемділік пен бейімделгіштіктің, шеңгел — кесірліктің, жалбыз — тазалық пен көркем мінездің, ал арша — киелілік пен рухани тазарудың белгісі ретінде сипатталады. Зерттеу барысында мақал-мәтелдердегі фитонимдердің өзіндік ерекшеліктері, олардың әлеуметтік, экологиялық және философиялық мазмұнмен тығыз байланысы ашылып көрсетілді. Мақалада паремиялық бірліктердің уәжді негіздері, мәдени-символдық жүктемесі мен прагматикалық қызметі жан-жақты қарастырылып, тіл мен мәдениеттің тоғысуындағы рөлі анықталды. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде, фитонимдік паремиялардың қазақ халқының танымдық тәжірибесін, салт-дәстүрі мен өмірлік ұстанымдарын бейнелейтін маңызды мәдени-тілдік мұра екендігі дәлелденді.

Description

Citation

Нұрсұлтанқызы Ж. Фитонимдік паремиялардың этномәдени семантикасы/Ж. Нұрсұлтанқызы, Г.Ж. Снасапова, А.Ө. Байдаулетова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №4. 69-77 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By