Қазақ жүздерінің шығуы: шетелдік тарихнама

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Қазақ қоғамында үш жүздің пайда болуы ғылымиаралық күрделі зерттеу мәселелерінің бірі. Зерттеу тақырыбына қатысты тарихи дереккөздердің тапшылығы ғылыми тұрғыда дәлелденген нақты тұжырым жасауға қиындық туғызады. Дегенмен, бірқатар отандық және шетелдік зерттеулер бар. Шетелдік, әсіресе, батыстық, американдық зерттеушілер үш «жүздің» пайда болуын көбіне саяси, әскери факторларға байланыстырады. Олар XVІ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ ханы Қасым қайтыс болғаннан соң саяси дағдарыс басталып, орталықтанған мемлекеттің билеуші әулет өкілдері арасында территориялық үш иелікке бөлінгенін қолдайды. Уақыт өте әрбір иеліктегі жүздің географиялық орналасуына байланысты күнделікті өмірлерінде көрші елдердің мәдени, саяси әсерлері байқалады. Ұлы, Орта, Кіші жүздердегі хандық биліктің ру-тайпалардан көрі территориялар бойынша тұрақтылығын сақтағаны болжамданады. Жүздердің құрылымдық жүйесі дамуы барысында күрделеніп, қазақ қоғамын ұйымдастыру мен басқаруда маңызды рөл атқарады. Қазақстан тарихында Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүздің қалыптасып даму процесін хронологиялық төрт дәуірге бөліп қарастыруға болады: генетикалық тұрғыда туыс ру-тайпалардың бір билікке топтасуының аяқталуы; жүздердің қалыптасуы мен өркендеуі және жүздердің саяси алаңдағы рөлінің әлсіреуі. Зерттеу тақырыбы бойынша жасалған тұжырымдар тарихи дереккөздер мен отандық және алыс-жақын шетелдік ғалымдардың іргелі ғылыми жұмыстарына негізделді. Қазақ қоғамындағы жүздердің шығу себептері мен оның кезеңдері шетелдік зерттеушілердің көзқарастары мен пайымдаулары негізінде жаңаша зерделенді.

Description

Citation

Кушенова Г.И. Қазақ жүздерінің шығуы: шетелдік тарихнама/Г.И. Кушенова, М. Уорд//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №3. 98-109 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By