Қазақ жүздерінің шығуы: шетелдік тарихнама
| dc.contributor.author | Кушенова, Г.И. | |
| dc.contributor.author | Уорд, М. | |
| dc.date.accessioned | 2024-12-04T10:55:21Z | |
| dc.date.available | 2024-12-04T10:55:21Z | |
| dc.date.issued | 2024-09-30 | |
| dc.description.abstract | Қазақ қоғамында үш жүздің пайда болуы ғылымиаралық күрделі зерттеу мәселелерінің бірі. Зерттеу тақырыбына қатысты тарихи дереккөздердің тапшылығы ғылыми тұрғыда дәлелденген нақты тұжырым жасауға қиындық туғызады. Дегенмен, бірқатар отандық және шетелдік зерттеулер бар. Шетелдік, әсіресе, батыстық, американдық зерттеушілер үш «жүздің» пайда болуын көбіне саяси, әскери факторларға байланыстырады. Олар XVІ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ ханы Қасым қайтыс болғаннан соң саяси дағдарыс басталып, орталықтанған мемлекеттің билеуші әулет өкілдері арасында территориялық үш иелікке бөлінгенін қолдайды. Уақыт өте әрбір иеліктегі жүздің географиялық орналасуына байланысты күнделікті өмірлерінде көрші елдердің мәдени, саяси әсерлері байқалады. Ұлы, Орта, Кіші жүздердегі хандық биліктің ру-тайпалардан көрі территориялар бойынша тұрақтылығын сақтағаны болжамданады. Жүздердің құрылымдық жүйесі дамуы барысында күрделеніп, қазақ қоғамын ұйымдастыру мен басқаруда маңызды рөл атқарады. Қазақстан тарихында Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүздің қалыптасып даму процесін хронологиялық төрт дәуірге бөліп қарастыруға болады: генетикалық тұрғыда туыс ру-тайпалардың бір билікке топтасуының аяқталуы; жүздердің қалыптасуы мен өркендеуі және жүздердің саяси алаңдағы рөлінің әлсіреуі. Зерттеу тақырыбы бойынша жасалған тұжырымдар тарихи дереккөздер мен отандық және алыс-жақын шетелдік ғалымдардың іргелі ғылыми жұмыстарына негізделді. Қазақ қоғамындағы жүздердің шығу себептері мен оның кезеңдері шетелдік зерттеушілердің көзқарастары мен пайымдаулары негізінде жаңаша зерделенді. | ru_RU |
| dc.identifier.citation | Кушенова Г.И. Қазақ жүздерінің шығуы: шетелдік тарихнама/Г.И. Кушенова, М. Уорд//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №3. 98-109 б. | ru_RU |
| dc.identifier.uri | https://rep.buketov.edu.kz//handle/data/19097 | |
| dc.language.iso | other | ru_RU |
| dc.publisher | Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті | ru_RU |
| dc.relation.ispartofseries | Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series.;№1(115)/2024 | |
| dc.subject | Қазақ хандығы | ru_RU |
| dc.subject | қазақтар | ru_RU |
| dc.subject | қазақ қоғамы | ru_RU |
| dc.subject | Ұлы жүз | ru_RU |
| dc.subject | Орта жүз | ru_RU |
| dc.subject | Кіші жүз | ru_RU |
| dc.title | Қазақ жүздерінің шығуы: шетелдік тарихнама | ru_RU |
| dc.title.alternative | Происхождение казахских жузов: зарубежная историография | ru_RU |
| dc.title.alternative | The origin of Kazakh Zhuses: foreign studies | ru_RU |
| dc.type | Article | ru_RU |