Цифрлық оқу контенттері негізінде бастауыш сынып оқушыларының шетел тілдік коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы
Abstract
Авторлар білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау және бастауыш сынып оқушыларына шетел
тілін үйрету үшін сапалы цифрлық контент құру мәселелерін зерттеген. COVID-19 пандемиясы
кезеңінде білім беруді цифрлық трансформациялау және қашықтықтан оқыту нысанына мәжбүрлі көшу
контексінде осы зерттеудің авторлары цифрлық оқу мазмұны оқушыларды ҚР-да ағылшын тілін оқы-
тудың тиімді құралы болып табылатынын ғылыми-әдістемелік негіздеді. Авторлардың әзірлеген оқу
кешенінің негізгі артықшылығы — ол онлайн форматқа да, офлайн оқыту форматына да бейімделген.
Жүргізілген талдау қазақстандық оқушылардың жас, психологиялық, сондай-ақ рухани-адамгершілік
ерекшеліктері мен мәдени құндылықтарын ескеретін цифрлық білім беру контентінің сандық және са-
палық жеткіліксіздігін көрсетеді. Зерттеудің жаңалығы — ғылыми-теориялық тұрғыдан ҚР-да білім бе-
рудің цифрлық трансформациясы жағдайында цифрлық оқу контенттерін құру қажеттілігі негізделген.
Зерттеудің мақсаты ― бастауыш сынып оқушыларының цифрлық және шет тілдік коммуникативтік
құзыреттілігін, баланың эмоционалды-құндылық даму деңгейін қалыптастыру, сондай-ақ ағылшын тілі
бойынша әзірленген оқу кешенінің тиімділігін анықтау болып табылады. Зерттеу психологиялық-педа-
гогикалық эксперимент әдісімен жүргізілді, бастауыш сынып оқушыларын тестілеу, педагогикалық
бақылау, сондай-ақ зерттеушінің ағылшын тілін тікелей оқытуы нәтижесінде алынған эмпирикалық ма-
териал талданып, жинақталды.
Description
Citation
Каримова Г.С. Цифрлық оқу контенттері негізінде бастауыш сынып оқушыларының шетел тілдік коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру/Г.С. Каримова, П.З. Ишанов, А.Ж. Анесова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy Series. -2023. №2. 165-176 б.