Ауылдық аумақтардың дамуындағы еңбек ресурстарының рөлі

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Вестник Карагандинского университета

Abstract

Мақалада ауылдық жерлердегі еңбек ресурстарының қалыптасу мəселесі қарастырылған. Автордың пікірінше, еңбек ресурстары бұл еңбекке қабілеті бар адамдардың еңбек етуі болып табылады. Аумақтардағы еңбек ресурстарының құрамы тұрақты, мерзімді жəне уақытша жұмыскерлермен толықтырылатыны баяндалған. 2011–2015 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылықтағы белсенді халықтың құрылымы талдаған. Ауыл шаруашылығындағы белсенді халықтың саны азаюда, оның басты себептеріне ауылдық жерлерден халықтың қалалық аумақтарға қоныс аударуын, ауыл жастарының қалаға жұмыс іздеп кетуін, бала тууының азаюын, жұмысқа орналастыру барысындағы ынталандыру қызметінің жетіспеушілігін жатқызуға болады. 2015 жылы ауылдық аймақтардағы жұмыссыздар саны талданды. Автор ауылдық аумақтардағы бос орындардың қалыптасу себебін экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда жалақы деңгейінің төмендігімен түсіндіреді. Гендерлік саясат негізінде ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халықтың құрылымы қарастырылған. Мақалада ауылдардағы жұмыспен қамтылған халықтың басым бөлігін ерлерге тиесілі екені анықталған, ал əйелдер үшін еңбек қызметі екінші орында жəне келешегі жоқ, сондықтанда олар көп жағдайда отбасына жəне үй шаруашылығына бейімделгені келтірілген. Мақала соңында автор ауылдық аумақтардың еңбек əлеуетін жетілдіруге байланысты нақты ұсыныстар əзірлеген.

Description

Citation

Абаев А.А. Ауылдық аумақтардың дамуындағы еңбек ресурстарының рөлі/ А.А. Абаев//Қарағанды ун-тiнiң хабаршысы. Экономика сер.= Вестник КарГУ.Сер.экономика. - 2017. - №1. - С.70-76

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By