Цифрлық мəдениетті қалыптастыру жəне цифрландырудың əлеуметтік жəне білім беру аспектілері
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Цифрлық қоғам — адамдардың өмір жағдайына, олардың біліміне жəне жұмысына, сонымен қатар
мемлекет, бизнес жəне қоғам арақатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы
шешуші əсер ететін, қоғам өмірінің барлық салаларында білім мен ақпараттық доминантты рөлімен
ерекшеленетін өркениет дамуының заманауи кезеңі. Мəдениеттің жаңа түрін қалыптастыру үрдісі
қазіргі заманғы университетте білім беру процесін ұйымдастыру тəсілін жаңартуға негізделуі тиіс.
Болашақ маманның цифрлық мəдениетін жалпы гуманистік құндылықтарға, цифрлық құзыреттіліктің
болуына, цифрлық шынайылыққа оңтайлы бағдарлану технологияларын меңгеруге жəне ақпараттық
кеңістіктегі нəтижелі қарым-қатынасқа қайшы келмейтін цифрландыру құндылықтары ретінде
анықтау ұсынылған. Мақалада адам өмірінің барлық салаларын цифрландыру жағдайына талдау
жасалып, цифрлық мəдениетке көшудің сипаттамалары мен ерекшеліктері сипатталған. «Цифрлық
мəдениет» тұжырымдамасын қараудың негізгі деңгейлері ұсынылып, «болашақ маманның цифрлық
мəдениеті» түсінігі түсіндірілген. Педагогикалық аспектілердегі зерттеулер жəне зерттелген
мəдениеттің негізгі бағыттары айқындалған.
Description
Citation
Кажиакпарова Ж.С. Цифрлық мəдениетті қалыптастыру жəне цифрландырудың əлеуметтік жəне білім беру аспектілері/Ж.С. Кажиакпарова, А.С. Бекенова, А.С. Хайруллина//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy Series. -2020. №4. 42-47 б..