Абай жəне қазіргі қазақ көркем мəтіндері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада хакім Абай өлеңдерінің қазіргі қазақ көркем əдеби үдерісіндегі орны қарастырылған. Əр автор оқырманға өз дүниетанымын, түрлі сипаттағы оқиға-жағдайға қатысты өз түйсінуін көркем мəтін арқылы жеткізеді. Оның сөздік қоры ұлт тіліндегі сан алуан тілдік құралдармен қатар, танымдық кеңістікте түрлі деңгейде белгілі əр қилы мəтін бөліктерін, өзінен бұрын шығармашылықпен айналысқан тұлғалардың сөзқолданысын да қамтитыны байқалады. Ондай фрагменттер кейде еш өзгеріссіз қолданылса, енді бірде өзгертілуі мүмкін. Қазақ лингвомəдени қоғамында қолдану жиілігі жоғары күшті əдеби мəтіндер деп Абай шығармаларын атауға болады. Абай өлеңдерінің құрылымдық, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, тұтас мəтін деңгейіндегі цитациясы қазақ əдеби үдерісінің кейінгі 60–70 жылында поэзия жəне проза мəтіндерінде тұрақты кездесетіні байқалады. Бұл орайда М. Мақатаев, М. Мағауин, Ж. Əбдірашев, Ғ. Жайлыбай, Г. Салықбай, М. Райымбек, Ж. Сəрсек сияқты ақын-жазушылар мəтіндері бірден еске түседі. Бұл үрдісті ХХІ ғасырда шығармашылықпен айналысып жүрген жастар да жалғастырып жүргенін айта келе, авторлар Абай мұрасы элитарлық тілдік тұлға саналатын ақын-жазушылардың бірнеше буыны үшін сөз өнерінің эталоны, өлшемі болатыны сөзсіз деген қорытынды жасайды.

Description

Citation

Əділова А.С. Абай жəне қазіргі қазақ көркем мəтіндері/А.С. Əділова,Б.С. Каукербекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия ФИЛОЛОГИЯ.= Bulletin of the Karaganda university. PHILOLOGY Series -2020. №4. 7-12 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By