Абай жəне қазіргі қазақ көркем мəтіндері

dc.contributor.authorƏділова, А.С.
dc.contributor.authorКаукербекова, Б.С.
dc.date.accessioned2021-02-08T11:03:22Z
dc.date.available2021-02-08T11:03:22Z
dc.date.issued2020-12-30
dc.description.abstractМақалада хакім Абай өлеңдерінің қазіргі қазақ көркем əдеби үдерісіндегі орны қарастырылған. Əр автор оқырманға өз дүниетанымын, түрлі сипаттағы оқиға-жағдайға қатысты өз түйсінуін көркем мəтін арқылы жеткізеді. Оның сөздік қоры ұлт тіліндегі сан алуан тілдік құралдармен қатар, танымдық кеңістікте түрлі деңгейде белгілі əр қилы мəтін бөліктерін, өзінен бұрын шығармашылықпен айналысқан тұлғалардың сөзқолданысын да қамтитыны байқалады. Ондай фрагменттер кейде еш өзгеріссіз қолданылса, енді бірде өзгертілуі мүмкін. Қазақ лингвомəдени қоғамында қолдану жиілігі жоғары күшті əдеби мəтіндер деп Абай шығармаларын атауға болады. Абай өлеңдерінің құрылымдық, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, тұтас мəтін деңгейіндегі цитациясы қазақ əдеби үдерісінің кейінгі 60–70 жылында поэзия жəне проза мəтіндерінде тұрақты кездесетіні байқалады. Бұл орайда М. Мақатаев, М. Мағауин, Ж. Əбдірашев, Ғ. Жайлыбай, Г. Салықбай, М. Райымбек, Ж. Сəрсек сияқты ақын-жазушылар мəтіндері бірден еске түседі. Бұл үрдісті ХХІ ғасырда шығармашылықпен айналысып жүрген жастар да жалғастырып жүргенін айта келе, авторлар Абай мұрасы элитарлық тілдік тұлға саналатын ақын-жазушылардың бірнеше буыны үшін сөз өнерінің эталоны, өлшемі болатыны сөзсіз деген қорытынды жасайды.ru_RU
dc.identifier.citationƏділова А.С. Абай жəне қазіргі қазақ көркем мəтіндері/А.С. Əділова,Б.С. Каукербекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия ФИЛОЛОГИЯ.= Bulletin of the Karaganda university. PHILOLOGY Series -2020. №4. 7-12 б.ru_RU
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz/xmlui/handle/data/10497
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherҚарУ баспасыru_RU
dc.relation.ispartofseries.Қарағанды университетінің хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия ФИЛОЛОГИЯ.= Bulletin of the Karaganda university. PHILOLOGY Series;№4(100)/2020
dc.subjectкөркем мəтінru_RU
dc.subjectкүшті əдеби мəтінru_RU
dc.subjectАбай өлеңдеріru_RU
dc.subjectэлитарлық тілдік тұлғаru_RU
dc.subjectцитацияru_RU
dc.titleАбай жəне қазіргі қазақ көркем мəтіндеріru_RU
dc.title.alternativeАбай и современные казахские художественные текстыru_RU
dc.title.alternativeAbay and modern Kazakh art textsru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
Филология-4-7-12.pdf
Size:
1.13 MB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: