Қазақ дүниетанымындағы ой мен сөздің диалектикалық байланысы жəне практикалық көрінісі

Abstract

Қазақ халқы ежелден ақыл мен ойды қастерлеген. Осы негізде даналардың, билердің, шешендердің терең ойларын, тамаша сөздерін ұрпақтан-ұрпаққа ауыз екі сөз өнерімен жеткізіп отырған. Сондықтан да көне заманда айтылған бабаларымыздың ақыл, нақыл сөздері бүгінгі мəдениетімізбен терең байланысып, ұштасып жатыр. Халқымыздың дəстүрі бойынша белгілі адаммен дастархандас болып, оның тың өнегелі əңгімесін тыңдау, ой түйіндерін есту айрықша құрмет, ерекше мəртебе болып саналған. Сонымен қатар, ата-аналар ұрпағын аңыз-əңгіме, өлең-жыр, мақал-мəтел, хисса- дастандарды əдіс ретінде қолдана отырып, ұлттық дүниетаным жүйесінде тəрбиелеген. Ең негізгі мақсаттарының бірі – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан осынау тау сілеміндей мол мұраны барынша бағалап, ізгі дəстүрдің, үлгі-өнеге мен тəрбиенің көзі ретінде бүгінгі өмірімізге орнықтыра білу – басты парыздарымыздың бipi деп ойлаймыз. Бүгінгі таңда біздің қай-қай ісімізде болмасын, табандылық, белсенділік бəр-бəрі сынға түседі. Жаңа жағдайда жаңаша ойлай білу, дүниені дұрыс түсіне білу биік белестерге шығарады. Жоғарыда көрсетілген тұжырымдарды ескере отырып, болашақта жас ұрпақты қазақ халқына тəн ойлау қабілетінің epeкшeлiгiне үйретіп, сөз құдіретін мейлінше еркін қолданып, оны түсініп, философиялық сөз кестесін қиын сəтте, қажет жағдайда қолдануға тəрбиелеу соны маңызды құбылыс деп есептейміз.

Description

Citation

Сарсенбеков Н.Ж. Қазақ дүниетанымындағы ой мен сөздің диалектикалық байланысы жəне практикалық көрінісі/Н.Ж. Сарсенбеков, Ш.А. Жетписбай//Қарағанды универисетінің хабаршысы. Тарих.Философия Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия История.Философия.=Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series.-2020.-№1(97).-Б. 146-155.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By