Қазақ жəне түрік тілдеріндегі адамның тыныс алу жүйесі атауларына қатысты тұрақты тіркестер

Abstract

Қазақ лингвистикасында тұрақты тіркестерге қатысты ауқымды зерттеулер жасалса да, əлі де ашылмаған қырлары бар. Олардың бірі — объект ретінде тіл тұрғысынан зерттелуі. Бұл мақалада лексика-стилистикалық қабатты қолдану ерекшеліктері жан-жақты талданған. Тілдердегі тыныс алу мүшелерінің атауларымен байланысты тұрақты үйлесімдерді адам факторы тұрғысынан маңызды топтарға жіктеу оның ішкі семантикалық белгілерін анықтаудың ұтымды əдісі болып саналды. Мақала ішкі органдардың атауларымен байланысты соматикалық фразеологизмдердің жекелеген атауларының ерекшелігін көрсете отырып, қазіргі қазақ əдеби тіліндегі орнын анықтау мақсатында жазылған. Ол үшін семантикалық топтарға бөлу əдісі қолданылды. Яғни, олардың тарихи дəуірде өз мəртебесін жоғалтпауы жəне қазіргі əдеби тілге қол жеткізуі, бұл екі тармақ бір-бірінен бөлінбегенін дəлелдеген. Мақалада қазіргі лексикалық құрам мен тілдік қорды толықтырып тұрған тұрақты тіркестердің ішінде ішкі соматикалық фразеологизмдердің өзіндік орны бар екендігіне олардың екі тілге ортақ ерекшеліктерін талдау арқылы ішкі мағынасын ашқан.

Description

Citation

Кенжалин Қ. Қазақ жəне түрік тілдеріндегі адамның тыныс алу жүйесі атауларына қатысты тұрақты тіркестер/Қ. Кенжалин[et al.]//Қарағанды универисетінің хабаршысы. Филология Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология.=Bulletin of the Karaganda University. Philology Series.-2020.-№1(97).-Б. 52-56.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By