Digital-технологиялар дəуірінде медианы дамытудың негізгі үрдістері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Журналистиканың трансформацияға ұшырауына цифрлану, яғни технологиялық фактор мен ғаламдық
интернет желісінің пайда болуы əсер етіп отыр. Коммуникацияның жаңа арнасының пайда болуы
журналистика функциясына да өзгерістер əкелді. Бұқаралық коммуникациядағы технологиялық
жаңалық журналистиканың əлеуметтік функциясына да əсер етті. Жаңа технология бұқаралық ақпарат
құралдарын ғана емес, Қазақстан қоғамын да жүйелі түрде жаңа деңгейге көтерген механизм болды.
Дегенмен, жаңа коммуникациялық технологияның əсері бір жақты емес. Жаңа жəне дəстүрлі
құралдардың қақтығысы журналистика құндылықтарына жаңа көзқарас қалыптастырды.
Материалдық, заттық тасымалға негізделген бұрынғы журналистикаға қарағанда цифрлық дəуірде
өзгерістердің əсері анағұрлым терең. Технологиялық төңкерістің бұрынғылардан айырмашылығы
ақиқаттың виртуалды əлемге көшуі, интерактивтілік пен жаһандық сипат алуы. Бүгінде ақпарат
тарату əдістері ғана емес, оны қолданушы орта да ауысты. Жаңа жағдайға бейімделген Қазақстан
журналистикасы ақпарат таратудың кез-келген түрлеріне эксперимент жасауда. Мақалада цифрлық
технологияның қазақ баспасөзіне əкелген жаңалығы талданған, бүгінгі күн тұрғысынан баға берілген.
Description
Citation
Қожахметова Л.Т. Digital-технологиялар дəуірінде медианы дамытудың негізгі үрдістері /Л.Т. Қожахметова, Б.Ж. Омаров// Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология.=Bulletin of the Karaganda University. Philology series.-2019.-№4.С.84-90