Психологиялық ілімнің қайнар көздері жəне бүгінгі қоғамдағы қолданылу аясы

Abstract

Мақалада тарихымыздағы түрлі кезеңдердің, отаршылдық пен бодандықтың, соғыстар мен төңкерістердің, қолдан жасалған саяси науқан-нəубеттердің қазақ халқының қазіргі психологиялық ахуалының қалыптасып дамуына тигізген əсері сөз етілді. Авторлар əр ұлттың өзіндік ерекшелігінің болуы, оның басынан өткергені мен тұрғылықты географиясына тəуелді болу мəселесі зерттеулерде елеп-ескерілмеуі мүмкін емес екендігіне тоқталады. Белгілі ғалым Л.Н. Гумилев, психолог-педагог С.Қалиев, ақын М.Жұмабаев еңбектері халықтың психологиялық ахуалы, оның философиялық ойлау жүйесінің негізі делінген пікірлерінен мысал келтіреді. Қазақтың ұлттық психологиясындағы моральдік, этикалық, тəлім-тəрбиеміздегі ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай білу, дархан көңіл, ақжарқындылық пен адалдық, досқа деген мейірімділік, бойымызға сіңген қасиеттерден адасып қалмау мəселесі көтерілді. Авторлар ұрпақ санасына ұлттық мəдениет пен рухани құндылықтар туралы тұтас ұғым түзілуінде, бүгінде психологтардың маман ретіндегі еңбектерінің ерекше болу керектігіне тоқтам жасайды.

Description

Citation

Кадина Ж.З. Психологиялық ілімнің қайнар көздері жəне бүгінгі қоғамдағы қолданылу аясы /Ж.З. Кадина, Ə. Жақан, Б.С. Сатеева, Ж. Зенгин// Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология.=Bulletin of the Karaganda University. Philology series.-2019.-№3.С.89-94

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By